Табиғи газ бен карбамид арасындағы баға беру динамикасы: коинтеграция және VECM әдістері негізінде жаһандық талдау
Қаралымдар: 159 / PDF жүктеулері: 122
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-2-252-264Кілт сөздер:
баға трансмиссиясы, коинтеграция, векторлық қателік түзеу моделі (VECM), энергия мен ауыл шаруашылығы арасындағы байланыс, асимметриялық баға әсеріАңдатпа
Бұл зерттеуде 2015–2024 жылдар аралығындағы ай сайынғы деректер негізінде табиғи газ бен карбамид (мочевина) арасындағы баға беру динамикасы жаһандық деңгейде қарастырылады. Карбамидтің ауыл шаруашылығындағы маңыздылығын және оның шикізат бағасының ауытқуына бейімділігін ескере отырып, зерттеуде Йохансен коинтеграция тесттері мен VECM (векторлық қателік түзету моделі) әдісі қолданылды. Нәтижелер табиғи газ бен карбамид бағалары арасында ұзақ мерзімді коинтеграциялық байланыс бар екенін көрсетеді, бұл байланыс асимметриялы сипатқа ие. Яғни, табиғи газ бағасы карбамид бағасына айтарлықтай әсер етеді, ал кері әсер байқалмайды. Сонымен қатар, табиғи газ бағасының өзгерісі карбамид бағасына шамамен бес айлық кідіріс арқылы әсер етеді. Бұл нәтижелер ауыл шаруашылығы саласының энергетикалық нарықтағы баға тұрақсыздығына осал екенін көрсетіп, тыңайтқыш бағасының өзгерістерін болжау үшін энергетикалық нарықты тұрақты бақылау қажеттігін айқындайды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 S. Kontsevaya

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





