Қазақстанның банк секторында Big Data-ны қолдану


Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 126

Авторлар

  • Г.Ж. Азретбергенова
  • А.О. Садыкова

DOI:

https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-4-132-140

Кілт сөздер:

банк ісі; Big Data үлкен деректер; құрылымданбаған деректер, алаяқтық, қауіпсіздік.

Аңдатпа

Қазіргі таңда әлемде ғылым мен техниканың дамуымен әртүрлі мәліметтер өндірісі
күрт өсе бастады. Ақпаратты өңдеу мен алмасуда ақпараттардың көлемі артуда. Қазіргі таңда Big Data
деректерді жазу үшін қолданылатын өлшем бірлігі терабайттар немесе эксабайттар сияқты үлкен өлшем бірлігіне айналды. Интернетте және әлеуметтік желіде пайдаланушылардың мәліметтері олардың
суреттері ақпарат ағынында пайдаланушыларға оң әсер береді. Мәліметтердің ауқымдылығы, оны пайдаланушылардың күрт артуы, ақпарат алмасудың жылдамдығы өмірге Big Data деректерін алып келді.
Адамдар жаппай және тез пайда болатын деректердің бұл түрін үлкен деректер деп атайды. Бұл деректер қолданушыға құндылығын жақсы көрсете алады, себебі Big Data пайдаланатын барлық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер саны артуда. Ғылымның дамуының арқасында, ғалымдардың көмегімен
үлкен деректер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары күннен-күнге жетілдіріліп, қолданушылардың
қарасы көбеюде. Қазіргі таңда Big Data деректердінің қажеттілігін анықтау барысында, зерттеулер көрсеткендей, жаһандық масштабта алынған мәліметтердің 90%-ы соңғы екі жылдың еншісінде. Үлкен деректер қолдану арқылы кәсіпорындар мен мекемелер уақыттарын үнемдейді, деректердің негізіне сүйеніп, ағымдағы ахуалды талдауға жалпы болжамдар жасауға мүмкіндік береді, жеке кірісті талдауды
жеңілдетеді.
Big Data қазіргі таңда барлық салаларда қолданысқа ие деп айта аламыз. Үлкен деректер арқылы
маркетингтік зерттеулер жүргізу, тұтынушылардың мінез-құлқын болжау және дұрыс өнімдерді дұрыс
тұтынушыларға сату, медицина саласы бойынша аурудың нақты түрін анықтауға қол жеткізу, аурудың
алдын алуға, аурудың таралуы мен бағытын болжау, сондай-ақ, пайдаланушыларға көбірек пайда әкелу
үшін қаржы нарығына, соның ішінде, банк секторында нақты болжамдық талдау жүргізуге, ауа-райын
болжау және талдауды үлкен деректерді талдау арқылы қол жеткізуге болады және үлкен деректердің
артықшылықтарын көрсете алады. Осыған байланысты «үлкен деректерді талдау көп пайда әкелуі мүмкін» деген пікір маркетинг, денсаулық сақтау, банк, сақтандыру және мемлекеттік қызметтер сияқты көптеген салаларда кеңінен танымал болды. Банк индустриясы-бұл көптеген деректерді қамтитын, сонымен
қатар, біздің елімізде цифрландырылған салалардың бірі. Осы негізде банк секторында атқарылатын
жұмыстарды, үлкен деректерді пайдалану арқылы жүргізу банк саласына көбірек пайда әкелетіні анық.
Бұл мақалада Big Data үлкен деректердің мүмкіндіктері мен қолдану аясымен қатар, банк саласында
ақпарат алмасу, тұтынушылардың жеке тұлғалаларына қажетті сақтық шаралары, орындалатын банктік
операцияларды жүзеге асыруды жылдамдату, деректерді қорғау сияқты жұмыстардың нәтижелері
зерттеледі. Сонымен қатар, банк секторында үлкен деректерді қолдану кезінде кездесетін немесе жұмыс
барысында орын алатын мәселелерді шешу жолдары талқыланады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-02-02

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Азретбергенова G. ., & Садыкова A. . (2023). Қазақстанның банк секторында Big Data-ны қолдану. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 132–140. https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-4-132-140

Журналдың саны

Бөлім

Статьи