Қазақстанның энергетикалық трансформациясы: жаңартылатын энергия көздерінің даму үрдістерін бағалау және кластерлік талдау


Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • А. Сматаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ж. Темербулатова Алматы Менеджмент Университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-51-71

Кілт сөздер:

жаңартылатын энергия көздері, энергетикалық трансформация, Қазақстан, декарбонизация, кластерлік талдау, өңірлік даму, көміртектік бейтараптық

Аңдатпа

Жаһандық энергетикалық трансформация мен климаттық сын-қатерлер жағдайында төмен көміртекті экономикаға көшу Қазақстан үшін стратегиялық басымдыққа айналып отыр. Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) қазіргі жағдайын, даму үрдістері мен өңірлік ерекшеліктерін талдау, аумақтық теңсіздіктерді анықтау және климаттық әрі ресурстық әлеуетті ескере отырып, олардың оңтайлы даму бағыттарын айқындау. Зерттеу әдістері ретінде салыстырмалы және кластерлік талдау қолданылып, ресми статистикалық деректер мен климаттық көрсеткіштер негізінде өңірлердің даму динамикасы бағаланды, өңірлік кластерлер айқындалып, 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық стратегиясын іске асыру аясында жаңартылатын энергия көздерінің тиімділігін арттыру бағыттары негізделді. Зерттеу нәтижелері жаңартылатын энергия көздерінің орнатылған қуаты мен генерация көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын, алайда өңірлер арасындағы айырмашылықтардың әлі де айқын екенін көрсетті. Кластерлік талдау нәтижесінде үш өңірлік топ айқындалды: күн және шағын су энергетикасы үшін әлеуеті жоғары оңтүстік-шығыс облыстар; өнеркәсіптік күн энергетикасына қолайлы оңтүстік өңірлер және жел мен гибридті жел-күн энергетикасын дамыту тиімді солтүстік пен батыс аймақтар. Алынған нәтижелер энергетикалық трансформация саясатын жетілдіруге және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ғылыми негіз қалыптастырады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сматаева, А., & Темербулатова, Ж. (2026). Қазақстанның энергетикалық трансформациясы: жаңартылатын энергия көздерінің даму үрдістерін бағалау және кластерлік талдау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (1), 51–71. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-51-71

Журналдың саны

Бөлім

Статьи