Қаржы даму институттарының қаржыландыру тетігінің Қазақстандағы кәсіпкерлікке тигізетін ықпалы


Қаралымдар: 24 / PDF жүктеулері: 6

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-4-195-208

Кілт сөздер:

қаржы даму институты, қаржыланжыру тетігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, әлеметтік-экономикалық даму, кәсіпкерлікті дамыту, шағын жіне орта бизнес

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы кәсіпкерліктің гүлденуіне тікелей әсер ететін қаржы даму институты зерттелген. Бұл «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ болып табылады. Біздің жасаған зерттеуімізге сүйенетін болсақ, осындай деңгейлі қаржы даму институтымен қаржыландырылған Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің белсенділігінің дамуын талдауы қарастырылған. Зерттеу жұмысы барысында, осы ұлттық мекеменің орта және шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыруға ықпалы бағаланды, сонымен қоса, кәсіпкерлерге ұсынатын қаржылық қолдаудың түйінді тетіктері мен құралдары қарастырылды. Алынған нәтижелер кәсіпкерлікті қаржылық қолдауын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау үшін пайдаланылуы әбден мүмкін. Өйткені, зерттеу жұмысы нақты статистикалық деректерге негізделген.
Авторлар Қазақстан Республикасындағы қаржы даму институттарының шағын және орта кәсіпкерлікке бөлінген қаражаттын сапасы мен құрылымына кешенді талдау жүргізді. Зерттеудің маңызды аспектісіне
қаржы даму институтымен бөлінген қаражатты елдің экономикасына пайда келтіру тиімділігін талдауы жатқыздырылады. Мақаладағы талдау мен жиналған деректер негізінде мемлекеттегі кәсіпкерлік позицияларын нығайту, қаржылық тетіктерін жақсарту үшін қаржылық ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануын көруге болады. Бұл өз кезегінде
елдегі әлеуметтік және экономикалық айырмашылықтарды төмендетуге, тұрақты экономикалық өрлеуге әкеліп соғады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аубакирова, М., & Мақыш, С. (2024). Қаржы даму институттарының қаржыландыру тетігінің Қазақстандағы кәсіпкерлікке тигізетін ықпалы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 195–208. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-4-195-208

Журналдың саны

Бөлім

Статьи