Қазақстандағы ғылымды қаржыландыру: мәселелері мен болашағы


Қаралымдар: 226 / PDF жүктеулері: 157

Авторлар

  • Н. Багаева Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының аға ғылыми қызметкері
  • Ф. Нуманова Туран Университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-1-140-157

Кілт сөздер:

зерттеулер мен әзірлемелер, қаржыландыру, кәсіпкерлік сектор, мемлекеттік бюджет, зерттеулерге арналған ішкі шығындар, қаржыландыру көздері

Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты іргелі, қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер арасында қаражатты бөлуде қалыптасқан проблемаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасында ғылымды қаржыландыру құрылымын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Қаржыландыруды бөлуді экономикалық дамыған елдердің деңгейіне біртіндеп жақындату қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Зерттеудің әдіснамалық негізіне ғылыми әдебиеттер мен статистикалық деректерді талдау кіреді, бұл ғылымды қаржыландырудың қазіргі жағдайын, ішкі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық шығындардың өсу қарқынын бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу сонымен қатар секторлар бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көздеріне байланысты есептеулер жүргізді.

Зерттеудің негізгі нәтижелері ғылыми зерттеулерді мемлекеттік бірлесіп қаржыландыру жеке инвестициялардың өсуін ынталандыратынын көрсетті; мемлекеттік қаржыландыруды алатын компаниялар ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуде жоғары белсенділік танытады; мемлекеттік субсидиялар оларды мемлекетпен бөлісу арқылы шағын және орта бизнес үшін ғылыми жобалардың сәтсіздікке ұшырау қаупін азайтады.

Қазіргі проблемаларға қарамастан, Қазақстан технологиялық артта қалушылықты еңсеру үшін ғылымды қаржыландыруды ұлғайтуға ұмтылуда, бұған ғылым және жоғары білім министрлігінің деректері мен жұмыста қаралған талдау нәтижелері дәлел бола алады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Багаева, Н., & Нуманова, Ф. (2025). Қазақстандағы ғылымды қаржыландыру: мәселелері мен болашағы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 140–157. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-1-140-157

Журналдың саны

Бөлім

Статьи