Қазіргі әлемдегі көші-қон үрдістері: факторлар мен салдарды талдау
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-1-8-24Кілт сөздер:
ел, экономика, көші-қон, үрдіс, мәселе, фактор, себепАңдатпа
Мақалада көші-қон үрдісінің теориялық аспектілері қарастырылған. Қазіргі уақытта көші-қон үрдісін зерттеу өзекті мәселелердің қатарына еніп отыр. Көші-қон бұл адамдардың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту, жұмыс іздеу, қақтығыстар мен қуғын-сүргін салдарынан бір елден екінші елге немесе бір елдің өңірлері арасындағы көшу үрдісі. Бұл үрдіс елдер мен аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай ақ мәдени әртүрлілікке үлкен әсер етеді. Осы мәселе төңіріндегі зерттеулер көші-қонның себептері мен салдарын жақсы түсінуге, сонымен қатар көші-қон ағындарын тиімді басқаруға бағытталған саясатты жүргізуге және мәселені реттеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге көмектеседі. Жалпы көші-қон үрдісін зерттеу мәселенің таралу ауқымы мен бірге көші-қон үрдісіне қатысушы субъектілер үшін ғана емес, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму тұжырымдамасының он жеті мақсатына қол жеткізу жағдайларында да маңызды болып отыр.
Мақалада көші-қон ұғымы қарастырылып, халықтың көшіп-қонуының себептері жүйелендіріліп, топтастырылған. Әр кезеңдердегі көші-қон үрдісінің ерекшеліктері келтіріліп, көші-қон функциялары қарастырылған. Дүниежүзілік банктің деректеріне сүйене отырып, әлемдегі көші-қон үрдісінің қазіргі жағдайына талдау жасалған. Географиялық аумақтарға мигранттар мен босқындардың таралуы және көшіп-қонудың себептері айқындалған.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 С. Нурпеисов, A. Седлов

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.