Цифрландыру және салықтық әкімшілендіруді бақылау арқылы кәсіпорынның тиімділігін арттыру


Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 73

Авторлар

  • С. Джолдыбаева Narxoz University
  • С. Барышева «Тұран» университеті
  • Б. Джолдыбаев АҚ «ҚазҚСҒЗИ»

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-2-207-221

Кілт сөздер:

салық, салықтық реформа, салық жүйесі, цифрландыру, салықтық пайыздар, салық жеңілдіктері, басқару, жоспарлау механизмі, оңтайландыру механизмі

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында салықтық өзгерістер мен оларға енгізілетін толықтырулар мемлекеттің салық салу кодексі арқылы іске асырылады және қадағалау іс-шаралары соның ішінде цифрландыру іске асырылуда. Ұсынылған мақаланың мақсаты - ҚР салық кодексінде берілген жеңілдіктерді дұрыс пайдалану арқылы кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсарту, сонымен қатар берілген жеңілдіктерді пайдалануда салық өзгерістерін даму индикаторының механизмі құралы ретінде цифрландыру мен бақылау функциясы арқылы іске асыру болып табылады. Сонымен қатар, көлеңкелі бизнесті болдырмаудың алдын алады, бұл: салықтық режимді дұрыс таңдау арқылы салықтық төлемдерден жалтармауды ретке келтіреді. Әрбір мемлекет «мемлекеттік бюджетті» қалыптастыру барысында макроэкономикалық және микроэкономикалық саясатын талдай отырып іске асырады және де шығындары мен кірістерін реттеу арқылы басқаруды ынталандырады. Сондықтан мемлекетіміз салықтық реформаларға өзгерістер енгізу мен салықтық жеңілдіктер беру арқылы салық төлеушілерін ашық бизнес жасауға үгіттейді. Бұл заңды түрде кез-келген кәсіпорын қызметін әртараптандыру барысында таңдалатын салықтық режимдер арқылы іске асырылып, бақылауға алынады. Бұл еліміздің экономикасының дамуы мен кәсіпорын қызметін қаржылық тұрақтылыққа шақырады.

Мақаланың өзектілігі салық жүйесін цифрландыруын зерттеу және салықтық әкімшілендіру жүйесінің нәтижелілігінің индикаторы ретінде цифрлық технологиялардың салық төлемдерінің жиналуына әсерін анықтау болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы оның салық жүйесін модернизациялаудағы

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Джолдыбаева S., Барышева S., & Джолдыбаев B. (2025). Цифрландыру және салықтық әкімшілендіруді бақылау арқылы кәсіпорынның тиімділігін арттыру. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (2), 207–221. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-2-207-221

Журналдың саны

Бөлім

Статьи