Цифрлық технологиялардың дамуы жағдайында Қазақстандағы төлем жүйесінің инфрақұрылымы
Цифрлық технологиялардың дамуы жағдайында Қазақстандағы төлем жүйесінің инфрақұрылымы
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 9
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-240-254Кілт сөздер:
төлем жүйесі, цифрлық трансформация, қаржылық технологиялар, қолма-қол ақшасыз төлемдер, Қазақстан, цифрлық валюта, финтехАңдатпа
Қазіргі жаһандық экономиканың жағдайында цифрлық трансформация қаржы нарығының барлық сегменттерін қамтып отыр, ал банк секторының цифрлануы осы үдерістің негізгі құрамдас бөлігіне айналды. Қаржылық технологиялардың дамуындағы негізгі қозғаушы күштер — тұтынушылар мен бизнес құрылымдар, себебі бұл технологиялар қолжетімділік, жылдамдық және қауіпсіздік деңгейі бойынша басымдыққа ие. Қазақстандағы төлем жүйесінің инфрақұрылымының қазіргі жай-күйін және даму болашағын зерттеу ел экономикасының өсуі үшін аса маңызды.
Ұсынылған ғылыми мақаланың мақсаты – төлем жүйесінің дамуына әсер ететін негізгі факторларды анықтау және цифрлық инновациялардың төлем механизмдерінің тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен тиімділігіне ықпалын бағалау.
Әдістері – Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасын талдау, ЕАЭО елдеріндегі орталық банктердің цифрлық валюталарын енгізу бойынша салыстырмалы талдау, соңғы 10 жылдағы ШОБ субъектілерінің динамикасы, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және басқа да аналитикалық құрылымдар ұсынған статистикалық деректерді өңдеу жатады. Нәтижелері – қолма-қол ақшасыз төлемдер саласындағы соңғы әзірлемелер мен инновациялар қарастырылып, Қазақстандағы төлем жүйесінің жақын арадағы даму үрдістері айқындалды. Қорытындылар – авторлар төлем жүйелерінің цифрлану қарқынына әсер ететін негізгі факторларды анықтап, төлем инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттарын белгіледі.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 А. Кушурова, Г. Алина, Д. Керимкулова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





