Университет кампустарында жаңартылатын энергия көздерін енгізудің экономикалық тиімділігі
Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 5
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-8-19Аңдатпа
Жоғары оқу орындарындағы энергия тұтынудың өсуі және коммуналдық шығындардың артуы университет инфрақұрылымын басқаруда экономикалық тиімді шешімдерді іздеу қажеттілігін күшейтеді. Мақаланың мақсаты – 2025–2031 жылдар кезеңінде жоғары оқу орындарында энергия тұтыну мен коммуналдық шығындардың өсуі жағдайында университет кампустарын жасыл кампусқа трансформациялаудың экономикалық орындылығын бағалау. Университеттердің қаржылық тұрақтылығын арттыру құралы ретінде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) енгізуді және тұрақты инфрақұрылымдық шешімдерді негіздеуге ерекше назар аударылады.
Зерттеу әдісі жүйелік-экономикалық тәсілге негізделген, оның шеңберінде негізгі нәтижелік көрсеткіш ретінде кампустың меншікті энергия тұтынуы (кВт·сағ/м²) қарастырылады. Зерттеуде аралас әдіснама қолданылды, оған көп факторлы сызықтық регрессиялық талдау, студенттер арасында сауалнама жүргізу және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кейс-стади кіреді.
Нәтижелер меншікті энергия тұтынуды және пайдалану шығындарын төмендетуге ең үлкен үлесті ЖЭК енгізу мен қалдықтарды қайта өңдеу жүйелерін дамыту қамтамасыз ететінін көрсетеді. Аталған шаралар университет бюджетінің ұзақ мерзімді үнемдеу әсерін қалыптастырып, инфрақұрылымның энергия тиімділігін арттырады және білім беру ұйымының қаржылық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.
Қорытынды – жасыл кампус моделі университеттерді дамытудың инвестициялық тетігі ретінде қарастырылуы мүмкін, ол шығындарды қысқартуды, энергия тәуелсіздігін арттыруды және бәсекеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз етеді. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы, әсіресе, климаттық жағдайы қатаң елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін жоғары, мұнда энергия тиімділігі мен ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері стратегиялық мәнге ие.
Сонымен қатар, жасыл кампус моделін тиімді жүзеге асыру жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) енгізудің инженерлік-техникалық аспектілерін ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың әлеуметтік-білім беру тетіктерін де ескеретін пәнаралық көзқарасты талап етеді. Университет инфрақұрылымында тұрақты шешімдерді сәтті енгізуге қандай факторлар — технологиялық, мінез-құлықтық немесе басқарушылық — шешуші әсер ететінін түсіну маңызды.
Мақаланың мақсаты – энергия, экология және білім беру салаларының жүйелік талдауы негізінде университет кампустарын жасыл форматқа көшірудің кешенді моделін әзірлеу. Зерттеу аясында инфрақұрылымның негізгі параметрлері, білім алушылар мен қызметкерлердің экологиялық хабардарлық деңгейі, сондай-ақ тұрақты дамуды басқарудың институционалдық тәжірибелері қарастырылады. Мұндай көзқарас жоғары оқу орындарын орнықты білім беру экожүйесіне айналдырудың тиімді стратегияларын анықтауға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: жасыл кампус, орнықты инфрақұрылым, жаңартылатын энергетика, энергия тиімділігі, экологиялық білім.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 А. Раимкулова, А. Жагыпарова, Ж. Тулегенова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





