Гибридті командаларды басқару: жүйелік сәйкестік пен инклюзивті көшбасшылыққа бағытталған тақырыптық синтез
Қаралымдар: 161 / PDF жүктеулері: 91
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-124-138Кілт сөздер:
Гибридті командаларды басқару, көшбасшылық бейімделгіштігі, теңдік пен инклюзия, психологиялық қауіпсіздік, цифрлық ынтымақтастық, жүйелік ойлау, ұйым мәдениетіАңдатпа
Мақаланың мақсаты – икемділік пен жаһандық білікті кадрларға қолжетімділік табыс кілтіне айналған қазіргі еңбек нарығында гибридті командаларды басқару бойынша заманауи әдебиеттерге сыни-тақырыптық шолу жасау және команда тиімділігін арттыратын жүйелі өзара байланыстарды анықтау. Әдістемелі бағыты бойынша зерттеу барысында екінші реттік деректерді жүйелеуге және негізгі өлшемдерге бөлуге мүмкіндік беретін тақырыптық іріктеу (экстракция) әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде жеті негізгі өлшем анықталды: бейімделгіш көшбасшылық, әділдік пен теңдік сезімі, коммуникация құрылымы, команда ішіндегі сенім деңгейі, технологияларды интеграциялау, қызметкерлердің әл-ауқаты және мәдени сезімталдық. Талдау көрсеткендей, гибридті команда өзара байланысты элементтер дұрыс үйлестірілгенде ғана тиімді жұмыс істейді. Мәселен, цифрлық құралдар ынтымақтастықты қамтамасыз еткенімен, олардың нәтижелілігі сенімге негізделген ережелер мен нормалардың орнатылуын талап етеді. Қорытындылап келгенде, зерттеу нәтижесінде көшбасшылық стратегиялық, эмоционалдық және мәдени мақсаттар арасындағы алшақтықты жоятын негізгі біріктіруші күш ретінде әрекет етуі тиіс екендігі тұжырымдалды. Сонымен қатар, мақалада қазіргі батыстық үлгілердің гибридті форматқа көшіп жатқан әр түрлі мәдениетті жаһандық ұйымдар үшін жеткіліксіз екендігі дәлелденеді. Бұл жұмыс гибридті көшбасшылық пен команданы құруда инклюзивті, бейімделгіш және сенімге негізделген тәсілдерді алға тарта отырып, жаңа басқару модельдерінің іргетасын қалайды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 А. Есейкызы, Д. Мухияева, А. Есейкызы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





