Robo-advisors және қор нарығының бөлшек қатысушыларының инвестициялық мінез-құлқын өзгерту
Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-207-222Кілт сөздер:
робо-кеңесшілер, инвестициялық мінез-құлық, автоматтандыру, жасанды интеллект, цифрлық платформалар, әртараптандыру, бөлшек инвесторларАңдатпа
Мақсаты – робо-кеңесшілердің қор нарығына бөлшек қатысушылардың инвестициялық мінез-құлқының трансформациясына әсерін талдау, автоматтандырылған инвестициялық платформаларды қолдану ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ жасанды интеллект пен алгоритмдік технологиялардың инвестициялық портфельдерді басқару үдерісіне ықпалын бағалау.
Әдістері – диалектикалық, абстрактілі-логикалық, салыстырмалы, аналитикалық әдістер, жүйелік талдау, ғылыми әдебиеттерді жалпылау және салыстыру, сондай-ақ қаржылық технологиялар саласындағы заманауи тәсілдерді зерттеу әдістері қолданылды.
Нәтижелері – робо-кеңесшілердің бөлшек инвесторлар үшін күрделі инвестициялық стратегиялардың қолжетімділігін қамтамасыз ететіні, портфельдерді басқару үдерістерін автоматтандыруға және адам факторына тәуелділікті төмендетуге ықпал ететіні анықталды. Алгоритмдік жүйелер тәуекелдерді динамикалық басқаруға, активтерді автоматты түрде қайта теңгерімдеуге және инвесторлардың жеке тәуекел профиліне сәйкес әртараптандырылған портфельдерді қалыптастыруға мүмкіндік беретіні дәлелденді. АҚШ пен Германиядағы рейтингтік агенттіктердің деректері негізінде тәуекел деңгейі әртүрлі инвесторлар үшін үлестік және қарыздық құралдарды бөлу айырмашылықтары анықталды. Сонымен қатар, RAs 2.0 моделінен өзін-өзі оқытатын жасанды интеллект қолданылатын RAs 4.0 моделіне дейінгі робо-кеңесшілердің эволюциясы қарастырылды. Таза және гибридті робо-эдвайзингтің ерекшеліктері, пайдаланушыларды бейімдеу мәселелері және автоматтандырылған жүйелерге сенімділікті арттырудағы инвесторларды оқытудың маңыздылығы айқындалды.
Қорытынды – зерттеу нәтижелері робо-кеңесшілердің бөлшек инвесторлардың инвестициялық мінез-құлқының жаңа модельдерін қалыптастыратынын, инвестициялық тәртіпті күшейтетінін, мінез-құлықтық бұрмалануларды төмендететінін және қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыратынын көрсетті. Жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларын интеграциялау жекелендірілген инвестициялық стратегияларды жетілдіруге және цифрлық инвестициялық қызметтер нарығының одан әрі дамуына негіз қалайды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 А. Абдыкулов, A. Шакбутова, Р. Садыкова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





