Құйма өндірісінде экологиялық есеп пен шығындар аудиті: цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-238-252Кілт сөздер:
экологиялық есеп, шығындар аудиты, құю өндірісі, цифрландыру, жасанды интеллект, тұрақты даму, экологиялық менеджментАңдатпа
Мақалада экономиканың белсенді цифрлануы мен тұрақты даму жағдайында құю өндірісіндегі экологиялық есеп пен шығындарды аудиттеудің заманауи тәсілдері қарастырылады. Металлургиялық бағыттағы кәсіпорындардың басқарушылық және қаржылық есебінің жалпы жүйесіне экологиялық есепті интеграциялаудың қажеттілігі ашып көрсетілген. Энергия сыйымдылығы жоғары, шығарындылар мен өндірістік қалдықтардың едәуір деңгейімен сипатталатын құю өндірісінің ерекшеліктеріне ерекше назар аударылған, бұл экологиялық шығындарды нақты анықтау мен талдаудың маңыздылығын арттырады.
Құю кәсіпорындарының өндірістік циклінің негізгі экологиялық аспектілері - ластаушы заттардың шығарындылары, энергия тұтынуы, қалдықтарды кәдеге жарату және су ресурстарын пайдалану талданған. Өндірістің қоршаған ортаға әсері туралы деректердің ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін есеп пен аудит жүйелерін жетілдірудегі цифрландыру мен жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізудің рөлі негізделді.
Жүйелі және салыстырмалы талдау негізінде жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, экологиялық аудиттің тұжырымдамалық моделі ұсынылды. Бұл модель экологиялық шығындарды автоматтандырылған калькуляциялау, ластану тәуекелдерін болжау және табиғатты қорғау шараларының тиімділігін бағалау процестерін қамтиды. Өндірістік деректердің үлкен көлемдерін өңдеу, шығарындыларды бақылау және технологиялық процестерді оңтайландыру үшін интеллектуалды алгоритмдерді қолданудың негізгі бағыттары ұсынылған.
Зерттеу нәтижелері есепті цифрландыру мен ЖИ технологияларын қолдану аналитикалық есептеулердің дәлдігін арттыруға, адами факторды азайтуға және құю кәсіпорындарының экологиялық және экономикалық көрсеткіштерін басқаруды жақсартуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл өз кезегінде олардың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуын арттырады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Д. Сактаганов, И. Месхидзе , Г. Исина

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





