Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі аудитінің көрсеткіштері


Қаралымдар: 113

Авторлар

  • Д.К. Сембаев
  • Б.А. Алибекова

Кілт сөздер:

мемлекеттік аудит; тиімділік аудиті; мемлекеттік органдар; өлшемдер; көрсеткіштер; тиімділікті бағалау.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда мемлекеттік аудит жүйесінде мемлекеттік органдар қызметінің
тиімділік аудиті бойынша жаңа бағытты дамыту үшін қажетті жағдайлар қалыптастырылғаны атап
өтілді. Авторлар тиімділік аудитінің негізгі проблемасы және өте күрделі рәсімі тиімділікті бағалау
көрсеткіштерін таңдау болып табылады, өйткені олардың негізінде мемлекеттік органдар қызметінің
тиімділігін бағалау бойынша аудиттің мақсаты іске асырылады. Көрсеткіштерді дұрыс таңдау, олар-
дың мемлекеттік аудит объектілерін қаншалықты сипаттайтыны және мемлекеттік органдар қызметінің
тиімділігін бағалаудың негізі бола алатындығы тиімділік аудиті нәтижелерінің сапасына айтарлықтай
байланысты. Мақалада тиімділік аудитінің өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға ғылыми тәсіл-
дерді жүйелеу және қорыту жүргізілді. Мақалада осы мәселе бойынша пікір бірлігінің болмауы және
тиімділік аудиті көрсеткіштерінің мәні мен мазмұнын түсінудегі айырмашылықтар туралы қорытынды
жасауға көмектесті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит саласындағы халықара-
лық стандарттары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес тиімділік аудитінің «өлшем» және «көрсеткіш» санаттарының мәні ашылады. Зерттеу нәтижелері бойынша авторлар Қазақстан Республика-
сының нормативтік-құқықтық актілеріндегі тиімділік аудитінің «өлшем» және «көрсеткіш» санаттарын
нақтылауды ұсынады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жарияланды

2023-01-18

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сембаев D. ., & Алибекова B. . (2023). Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі аудитінің көрсеткіштері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 177–185. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/136

Журналдың саны

Бөлім

Статьи