Инновациялық қызметті қаржыландыру мемлекет экономикасының даму факторы ретінде
Қаралымдар: 31 / PDF жүктеулері: 51
Кілт сөздер:
Инновациялық индустрияландыру, инновациялар, инновациялық қызмет, инновациялық өнімдер, инновациялық кәсіпорындар, инновациялық процесс, технологияларАңдатпа
Осы мақалада қазіргі кезеңде Қазақстанның инновациялық дамуына қаржылық қолдауды
талдау жүргізілді. Елде экономикалық даму тұрғысында инновациялық қызметті дамытудың қажеттілігі мен
мәні негізделген. Инновациялық қаржыландырудың негізгі түрлері мен көздері анықталды. Инновациялық
сектордағы ағымдағы жағдайға қысқаша талдау жасалады. Инновациялық-белсенді кәсіпорындар мен соңғы
бес жылда олардың өсуі қарастырылды. Соңғы 5 жылда ҒЗТКЖ шығындарының көлемі талданды. Қазақстан
Республикасындағы зерттеулер мен дамудың ішкі шығындарының құрылымы талданады. Зерттеу нәтижесінде
қазақстандық инновациялық секторды қаржыландыруды дамытуға кедергі келтіретін негізгі проблемалар
анықталды. Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасында инновацияның жай-күйін жақсарту үшін даму
нұсқалары ұсынылады.