Комерциялық банктердің несие қоржынының қазіргі жағдайына талдау
Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 96
Кілт сөздер:
банк, несие, ұлттық банк, несиелік қоржын, пайыз, проблемалық несие, банк секторы.Аңдатпа
Банк секторының тұрақтылығына кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі – проблемалық несиелер. Осы проблемалық несиелер банктердің, сонымен қатар жалпы экономиканың дамуының өтімділігін төмендетіп отыр. Проблемалы несиелер – бұл қарызды қайтармау немесе қайтару ықтималдылығы төмен несиелер. Сондықтан, банк несие бергеннен кейін, несие бойынша шығындардың болмауына шаралар қолдануы керек. Проблемалық несиелерді басқару – банктік тәжірибеде ең маңызды аспектілердің бірі. Мақалада еліміздегі екінші деңгейлі банктердегі проблемалық несиелердің қазіргі жағдайы талданып көрсетілген.
Сонымен қатар,Мақалада Қазақстандық банктердің несие портфелінің сапасын және оның құрылымн оңтайландыруды қамтамасыз етуге арналған. Ең басты мәселе кейбір отандық банктердің несиелік порфелінің құрылымындағы проблемалық несиелер үлесінің жоғары болуы. Жұмыс істемейтін қарыздардың ең көп көлемі бар ЕДБ-дің Топ-5 кіретін банктердің несиелік портфелін талданды. Сонымен бірге проблемалық несиелер қорының жұмыстарының негізгі бағыттары қарастырылған.