Мемлекеттік басқарудағы тәуекелдерді басқару
Қаралымдар: 110 / PDF жүктеулері: 184
Кілт сөздер:
тәуекелдер; тәуекелдерді басқару; тәуекелдерді мемлекеттік басқару; форс-мажорлық жағдайлар; мемлекеттік бағдарлама; мемлекеттік органдар; интеграцияАңдатпа
Басқарудың өңірлік және ұлттық деңгейлеріндегі тәуекелдер мен белгісіздіктердің
өсуімен тәуекелдерді басқару әдіснамасын мемлекеттік басқару саласына интеграциялау барған сайын
маңызды бола түсуде. Мемлекеттік басқару саласындағы тәуекелдерді іске асыру мысалдары мемлекет-
тік саясатта сыртқы экономикалық тәуекелдерді жеткіліксіз есепке алу, өңірлік деңгейдегі әлеуметтік-э-
кономикалық көрсеткіштердің теріс серпіні, мемлекеттік бағдарламалар құнының ұлғаюы, қажетті мем-
лекеттік сатып алу мерзімдерінің кешіктірілуі, халық алдындағы міндеттемелердің орындалмауы болып
табылады.
Мемлекеттік органдардың мақсаттары мамандандырылған салада қоғам үшін тәуекелдерді азай-
ту болып табылады, мысалы, экономикалық жағдайдың ауытқу тәуекелдерін тегістеу, бюджет, салық,
сақтандыру, валюта, банк салаларындағы тәуекелдерді азайту, демографиялық тәуекелдерді, халықтың
өмірі мен кірістерінің төмендеу тәуекелдерін төмендету, экологиялық және техногендік тәуекелдерді
талдау, оларды іске асыру ықтималдығын азайту және шығындарды азайту.