Басқару объектісі ретіндегі ауылдық аумақтар ұғымы, функциялары мен ерекшеліктері


Қаралымдар: 67 / PDF жүктеулері: 107

Авторлар

  • З.Н. Борбасова
  • С.Н Улаков
  • Р.Е. Несипбаев

Кілт сөздер:

ауыл халқы, ауылдық аумақтар, ауылдық елді мекендер, ауылдық қоныстар, ауылдық жерлер, ауылдық аумақтардың функциялары, ауылдық елді мекендерді оңтайландыру

Аңдатпа

. Мақалада ауылдық аумақтар бүгінде ел өмірінің маңызды элементі болып
табылатыны, оның халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай көтеруге әлеуеті бар
екеніне көңіл бөлінген. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан ауылдық аумақтардың
проблемаларын шешу үшін біршама назар аударылып, ғылыми зерттеулер де жүргізілген. Алайда, «ауылдық аумақтар» ұғымына бірыңғай орныққан көзқарастың болмауы
оларды тұрақты дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты әрдайым тиімді түрде іске асыруға кедергі келтірді. Жұмыста Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының заңнамалық актілерінде, осы бағыттағы жетекші ғалым-экономистермен
ұсынылған «ауылдық аумақтар» ұғымының бірқатар түсіндірмелері қаралған. Арнайы
әдебиеттерде, заңнамалық құжаттардағы ұсынылған әр негіздегі осы ұғым түсінігіне
жан-жақты теориялық тұрғыда баға беріліп, солардың синтезі ретінде «ауыл аумағы»
терминінің авторлық нұсқасы келтірілген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Борбасова, З. ., Улаков, . С., & Несипбаев, Р. . (2023). Басқару объектісі ретіндегі ауылдық аумақтар ұғымы, функциялары мен ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 115–127. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/230

Журналдың саны

Бөлім

Статьи