Дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігі: жай-күйі, мәселелері, ұсыныстар
Қаралымдар: 157 / PDF жүктеулері: 225
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2022-4-53-64Кілт сөздер:
шағын және орта кәсіпорындар, кәсіпкерлік, жеке кәсіпкер, ұйымдық-құқықтық нысандар, пандемияАңдатпа
Жаһандық дағдарыс барлық елдерге, соның ішінде Қазақстанға да әсер етіп, елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайына және тиісінше, макроэкономикалық көрсеткіштерге, халықтың әл-ауқатының деңгейіне, жекелеген салалардағы өнім көлеміне, сұраныс пен ұсынысқа, шағын және орта қазақстандық кәсіпкерліктің дамуы мен экономикадағы үлесіне тікелей әсер етті.
Бұл мақалада кәсіпкерлік ұғымы, оның ұйымдық-құқықтық түрлері, өлшем бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің жіктелуі, сонымен қатар кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы, негізгі көрсеткіштер, сыртқы факторлар қарастырылып, ғаламдық дағдарыс пен COVID-19 салдарынан Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар берілді.
Зерттеу барысында осы зерттеу тақырыбы бойынша теориялық шолу негізінде көрнекті экономистердің пікірі ескерілді. Зерттеу қазақстандық кәсіпкерлік қызметінің ерекшелігін анықтауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді және олардың экономикалық қатынастар жүйесіндегі рөлін, ШОБ қызметіне әсер еткен факторларды түсінуді тереңдетуге, оларды дамыту жағдайында оларды жақсарту бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.
Зерттеуде статистикалық әдіс, салыстырмалы талдау, горизонталды және көлденең талдаулар, синтез сияқты әдістер қолданылды. Осылайша, зерттеу нәтижесінде еліміздегі дағдарысты, тәуекелді жағдайларда кәсіпкерлік құрылымдарының қызметін одан әрі жандандыру бойынша ұсыныстар жасалынды.