Мемлекеттің әлеуметтік саясатының Қазақстандағы халықтың әл-ауқатына әсері: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру
Қаралымдар: 168 / PDF жүктеулері: 190
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2022-4-220-230Кілт сөздер:
еңбекақы, мемлекеттік қолдау, өмір сүру деңгейі, трансферттер, нақты табыс, табиғи өсім, жұмыссыздықАңдатпа
Әлеуметтік саясат мемлекет қызметінің неғұрлым маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, келеңсіз әлеуметтік құбылыстарды жұмсартып қана қоймай, халыққа жаңа жағдайларға бейімделуге, реформаларды әлеуметтік қолдауға жәрдемдесуге, экономикадағы оң өзгерістерді іске асыруға, дамудың әлеуметтік бағдарлануын қамтамасыз етуге тиіс. Жалпы қай елдің экономикасын алып қарасақ та, халықтың табысы мен тұрмысының бірдей еместігін байқаймыз. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін, сондай ақ кедейшіліктің алдын алу үшін әлеуметтік көмектер көрсетіліп отырады. Осы себепті, мемлекеттің әлеуметтік саясаты ел экономикасында елеулі орын алады, және оны дұрыс жүргізу үкіметтің міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мақалада отандық әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға біршама кеңестер ұсынылды. Сондай ақ, мақалада еліміздің мемлекеттік қолдау бағдарламаларына талдау жасалып, әлеуметтік жүйемізді тұрақтандыру мен табыс пен тұрмыс сапасын арттыру жолдары қарастырылатын болады.