Қазақстан Республикасы өңірлерінде мемлекеттік басқару жүйесін трансформациялау


Қаралымдар: 84 / PDF жүктеулері: 113

Авторлар

  • Р.А. Есберген
  • Н.К. Шамишева

Кілт сөздер:

мемлекеттік басқару, трансформация, мемлекеттік аппарат, бәсекеге қабілетті мемлекет, жергілікті басқару, мемлекеттік басқару академиясы, қайта даярлау, біліктілікті арттыру, мемлекеттік қызмет, жаңа формация басшысы, кәсіби мемлекеттік қызмет, стратегиялық мемлекет- тік қызмет, мемлекеттік қызметшілердің құзыреттіліктері, бірыңғай құзыреттілік шеңбері.

Аңдатпа

Бұл мақаланың мақсаты - жаһандану жағдайында Қазақстан өңірлеріндегі мемле-
кеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру арқылы мемлекеттік басқару жүйесін
өзгерту қажеттілігін ғылыми негіздеу болып табылады. Авторлар өңірлердегі мемлекеттік басқару
жүйесінің даму проблемаларына сараптамалық талдау жүргізді және Қазақстан Республикасы Пре-
зиденті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен оның филиалдар желісінің мемлекеттік
аппараттың кадрлық әлеуетін өзгертудегі маңызына тоқталып өтті. Тиімді, жинақы және бәсекеге
қабілетті мемлекеттік қызметті құрмай өркениетті мемлекетке қол жеткізу мүмкін емес. Авторлар
елдің стратегиялық даму бағыттарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арт-
тыру арқылы мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету тиімділігінің халықаралық тәжірибесін зерде-
леді. Осы зерттеу нәтижелері Ақтөбе облысындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және
біліктілігін арттыру кезінде мемлекеттік басқару жүйесіндегі оң өзгерістерді көрсетті. Ғылыми
мақала жазу кезінде ғылыми зерттеулердің талдау және салыстыру әдістері пайданылды. Осы мақа-
лада келтірілген негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар жыл сайынғы жолдауларға, Қазақстан Респу-
бликасының мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің дамуы туралы құжаттарға негізделеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-26

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есберген, Р. ., & Шамишева, Н. (2023). Қазақстан Республикасы өңірлерінде мемлекеттік басқару жүйесін трансформациялау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 63–72. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/353

Журналдың саны

Бөлім

Статьи