Экономиканы цифрландыру жағдайында халықты әлеуметтік қорғау
Қаралымдар: 56 / PDF жүктеулері: 58
Кілт сөздер:
әлеуметтік қорғау, цифрлық экономика, ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылым, ақпараттандыруАңдатпа
Еліміздің негізгі тапсырмаларының бірі әлеуметтік саланың қызметін жетілдіру,
яғни әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту арқылы халқымыздың әл-ауқатын жақсарту болып табыла-
ды. Әлеуметтік сала қызметінің басты міндеті көмекке зәру адамдарды өмірлік игіліктермен қамта-
масыз етуге, олар мен қоғам арасындағы әлеуметтік-психологиялық қатынастарды қалыпқа кел-
тіруге бағытталған жүйенің түрлі деңгейлері арасында тұрақты және реттелген байланыстар орнату
болып табылады. Әлеуметтік қорғаудың басқармасы және оған тиісті кәсіпорындар, мекемелер мен
ұйымдар халықты әлеуметтік қорғаудың біртұтас жүйесін қалыптастырады, ол өз кезегінде жанұя-
ларға, қарияларға, ардагерлерге, мүгедектерге, әскери қызметтен босатылғандарға және олардың
отбасы мүшелеріне мемлекеттік қолдауды, әлеуметтік қызмет жүйесін дамытуды, зейнетақымен
қамтамасыз етуді және еңбек қатынасындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Осы кезеңде мемлекетіміз «цифрлық экономика» деген атауға ие болған жаңа даму стратегиясын
енгізу туралы шешім қабылдады. Сондықтан бұл жұмыста әлеуметтік қорғаудың даму деңгейі, сон-
дай-ақ, оны заманауи технологиялардың көмегімен жаңғырту мүмкіндігі қарастырылады.