Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы шағын және орта бизнестің даму жағдайы


Қаралымдар: 131 / PDF жүктеулері: 204

Авторлар

  • О. Мисник Esil University
  • Н. Кучукова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А. Алибекова Esil University

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-55-66

Кілт сөздер:

шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, жалпы өнім шығару, қаржылық қолдау, жұмыспен қамту

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ағымдағы жай-күйін зерттеу ұсынылған. Авторлар экономика салалары бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің динамикасы мен құрылымдық құрамына, сондай-ақ негізгі ұйымдық нысандар бөлінісінде субъектілер бойынша неғұрлым егжей-тегжей талдау жүргізді. Ресми статистикалық деректер негізінде ШОК жалпы өнім өндіру көлемінің көрсеткіштері келтірілген, ШОК субъектілерінің республика бойынша ауыл шаруашылығының ЖІӨ-не және ШОК субъектілері өндірген өнімнің жалпы көлеміне қосқан үлесі есептелген. Кәсіпкерлердің экономикалық қызметінің түрлері бойынша жұмыспен қамтудың үлес салмағының деректері және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бөлінісінде толығырақ есептелген.

Авторлар ШОК-тің ауыл шаруашылығын дамытудағы маңыздылығын сандық және өндірістік көрсеткіштердің оң өсу тенденцияларын, сонымен бірге жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуін атап өтеді, Бұл ауыл халқының табысының өсуіне тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік қызметті шектейтін негізгі себептер ретінде әлі де қаржы тапшылығы мен несиелер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер бар.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мисник, О., Кучукова, Н., & Алибекова, А. (2023). Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы шағын және орта бизнестің даму жағдайы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 55–66. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-55-66

Журналдың саны

Бөлім

Статьи