Темір жол көлігіндегі инновацияларды дамытудың жаңа тенденциялары


Қаралымдар: 198 / PDF жүктеулері: 182

Авторлар

  • А. Нурбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • З. Турдиева Әлихан Бөкейхан университеті
  • М. Мақыш Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-172-184

Кілт сөздер:

темір жол, көлік, инновация, инновациялық даму, тасымалдау, жүк тасымалы, процесс, жасыл технологиялар

Аңдатпа

Бұл мақаланың мақсаты – темір жол көлігіндегі инновациялардың дамуының шетелдік тәжірибесі қарастырылған. Көлік саласының тұрақты дамуына қол жеткізу үшін автомобиль көлігінен теміржол көлігіне көшу және бірыңғай көлік нарығын дамыту басты міндет болып табылады. 21 ғасырда темір жол көлігіндегі инновацияларының айрықша ерекшелігі олар тасымалдау процесінің барлық элементтері мен кезеңдерін қамтиды. Кейбір жағдайларда өнімдерге, қызметтерге және процестерге қатысты инновацияларды бір-бірінен ажырату қиын, өйткені олар бір-біріне сәйкес келеді және араласады: көлік құралына бағытталған өнімнің инновация дизайны бір уақытта жобалау немесе өндірісте технологиялық жаңалықтарды тудыруы мүмкін. Инновацияны ұйымдар өз нарығында табысты ілгерілеу, бәсекелесу және ерекшелену үшін идеяларды жаңа немесе жетілдірілген өнімдерге, қызметтерге немесе процестерге түрлендіретін көп сатылы процесс ретінде анықтауға болады. Ақылды, интеграцияланған және жасыл көлік идеясы ЕО көлік саясатына енгізілген. Инновациялық теміржол көлігі ауқымды инновациялық үдерісте маңызды рөл атқарады және қазіргі уақытта жүк көлігінің де, қоғамдық жолаушылар көлігінің де интермодальділігіне бағытталған. Темір жол секторында енгізілген жаңа технологиялардың кейбірі бұрын басқа өнеркәсіп салаларында енгізілген шешімдерге бейімделген немесе негізделген. Осы зерттеуде байқалған инновациялар теміржол көлігі жүйесінің тұрақты дамуына қол жеткізу үшін темір жолдардың технологиялық дамуы мен құрылымдық ұйымдастырылуының негізгі элементтері болып табылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нурбаева, А., Турдиева, З., & Мақыш, М. (2023). Темір жол көлігіндегі инновацияларды дамытудың жаңа тенденциялары. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 172–184. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-172-184

Журналдың саны

Бөлім

Статьи