Қазақстанда шикізаттық емес экспортты дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының негізгі міндеттері мен көрсеткіштерінің орындалуын талдау
Қаралымдар: 161 / PDF жүктеулері: 149
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-92-107Кілт сөздер:
экспортты ынталандыру, мемлекеттік бағдарламалар, сауда саясаты, экспортты қолдау құралдары, сауда көрсеткіштеріАңдатпа
Экспорт ел дамуының экономикалық күн тәртібін қалыптастыруда және салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқарады. Мақалада экспортты дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының негізгі құжаттары қарастырылып, олардың мақсатты индикаторларына қол жеткізуге талдау жасалған. Көрсеткіштер экспортты ілгерілету міндеттеріне бөлінген бюджет қаражатымен және қолдау құралдарын ұсынатын операторлармен салыстырылады. Талданған барлық мемлекеттік бағдарламалар мақсатты индикаторлар мен отандық шикізаттық емес экспортты дамыту бастамаларын қамтыды. Осы мақсаттарға жету үшін соңғы екі онжылдықта түрлі шаралар мен бастамалар ұсынылды. Дегенмен, бағдарламаны іске асыру кезеңдері контексінде зерттелген өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі туралы статистикалық мәліметтер көрсеткендей, көрсеткіштер жиі орындалмай қалды. Экспортты мемлекеттік қолдаудың негізгі шараларының пулы 2010 жылдары кейінгі бағдарламалық құжаттарға аздаған өзгерістер енгізіліп қалыптасты. Бағдарламаларды іске асыру мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша операторлардың жиі ауысуымен қатар жүретіні анықталды, бұл өз кезегінде нысаналы индикаторларға қол жеткізуге кері әсерін тигізуі мүмкін
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 А. Сагынаев, А. Айтуар, З. Адилханова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.