Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын бағалаудың мультипликаторлық тәсілі
Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 150
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-2-252-260Кілт сөздер:
стратегиялық талдау, мультипликативті әдіс, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы, инвестициялық процесс, Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібіАңдатпа
Мақалада кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалаудағы отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастары талданады. Мұнда инвестициялық процестің объектісі және субъектісі ретінде компанияның қарастырылуына ерекше назар аударылады. Жүргізілген зерттеудің мақсаты Шығыс Қазақстан облысының химия өнеркәсібі кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын бағалаудың кешенді әдісін әзірлеу болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты бағалаудың ұсынылған тәсілдері тек сандық көрсеткіштерді ғана емес, сапалық көрсеткіштерді де ескеруге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл толық нәтиже алу үшін өте маңызды және ақпаратқа біржақты қол жеткізу жағдайында да қолданыла береді. Зерттеу нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының химия өнеркәсібіндегі неғұрлым инвестициялық тартымды кәсіпорындары анықталды. Олар бастапқы кезеңде өңірлердің инвестициялық саясатының басымдықтарына айналуы тиіс. Бұл кәсіпорындар осындай өндіріс ошақтарының және жалпы облыстың дамуына қозғаушы күш беретін өсу орындары болып табылады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.