Қазақстанның логистикалық нарығында жаңа технологияларды қолдану: теориясы және практикасы
Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 178
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-4-37-49Кілт сөздер:
логистика, инновациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, логистикалық жүйе, цифрландыру, Logistics 4.0, IoT цифрлық экономикаАңдатпа
Мақалада логистика саласын инновацияландырудың тиімді құралдарына шолу жасалады. Логистиканы тұрақты дамытудағы негізгі құралдың бірі инновациялар болып табылады. Цифрлық логистиканы қалыптастыру барысында жаңашыл технологиялар саланың жаңа деңгейге көтерілуіне тірек болмақ. Логистикалық инновациялар әртүрлі процесстерді жылдамдатуға көмектесетін қызметтерді, технологияларды, өзгерістерді қамтиды. Инновацияландыру құралдары арқылы логистикалық компаниялар бәсекеқабілетілігін біршама арттырып, нарықтағы орнын бекітуге көмектеседі. Логистиканы инновацияландыру құралдары оны дамытудың бірден бір негізі. Мақалада логистикадағы инновациялық құралдардың бес түрін ажыратып көрсетіледі: тікелей логистикалық инновациялар, көліктік инновациялар, қоймалық инновациялар, IT-инновациялар, тұтынушылармен жұмыс жасауға бағытталған инновациялар. Сонымен қатар, цифрлық дәуірдегі логистика нарығының инновациялық өнімдері артуда. Бұл құбылыс жеткізу тізбектеріндегі үлкен өзгерістерге алып келуде. Инновациялар тауарды бастапқы нүктеден соңғы нүктеге дейін жеткізудегі процесстерді жаңа деңгейге көтеретін, кәсіпорындарға бәсекеқабілеттілік артықшылықтарды иеленуге жол ашатын және логистиканың ең басты мақсаты – оңтайландыруға мүмкіндік беретін құрал.
Цифрлық экономика аясындағы логистиканы инновацияландырудың роботтар, IoT, блокчейн сияқты тиімді құралдары мен технологиялары қарастырылды. Олардың маңыздылығын айқындау мақсатында саланы инновацияландырудың шетелдік тәжірибесінен мысалдар алынды. Сонымен қатар, Қазақстан логистикасының бүгінгі жағдайын қарастыру үшін әлемдік рейтинг көрсеткіштері алынды. Отандық логистикалық нарықтағы жаңа технологиялардың қолданыс деңгейін зерделенді. Жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, еліміздің логистика нарығы әлі де болсын даму үстінде деп тұжырымдалды. Әлемдік логистикалық нарықта көптеген инновациялар қоданысқа енгізілген, ал отандық нарықта инновацияланған кәсіпорындардың аздығынан байқауға болады. Осы мәселелер өз кезегінде логистиканы дамытудағы негізгі тежеуіш фактор ретінде қарастырылуы мүмкін.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Ж. Арынова, A. Кулдеевa, A. Нурмаганбетова
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.