Пандемия жағдайының адами капиталдың дамуына әсер етуін дисперсиялық талдау
Қаралымдар: 99 / PDF жүктеулері: 213
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-2-50-62Кілт сөздер:
адами капиталдың дамуы, жаһандық пандемия, экономика, дағдарыс, бір факторлы дисперсиялық талдауАңдатпа
Бүкіл әлемді қамтыған жаһандық пандемия денсаулық сақтау және білім беру саласындағы табыстарға қауіп төндіруде. Пандемия адам капиталын арттырудағы онжылдық прогреске, оның ішінде денсаулықты жақсарту, өмір сүру, мектепке бару және өсудің тежелуін азайтуға қауіп төндіруіне байланысты бұл тақырып өзекті болып отыр. Зерттеудің мақсаты сауалнама арқылы жаһандық пандемияның елдегі адами капиталдың дамуына әсерін бағалау болып табылады. Зерттеу пандемия жағдайында адами капиталды дамытудың сандық және сапалық көрсеткіштерінің экономикалық дамуға әсерін бағалады. Сауалнама нәтижелеріне талдау жасау үшін бір факторлы дисперсиялық талдау әдісі пайдаланылды. Алынған нәтижелер денсаулық сақтау және білім беру саласындағы саясатты әзірлеу және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру үшін инвестицияларды жоспарлау кезінде пайдалы болуы мүмкін.