Қазақстанның экспортын қабылдаушы мемлекеттердің негізінде еліміздің экспорттық күрделілік деңгейінің өлшенуі
Қаралымдар: 41 / PDF жүктеулері: 115
Кілт сөздер:
Экспорттық даму, әртараптандыру, анықтаушылар, қашықтық, жоғары технологиялар экспорты, сауда ашықтығы.Аңдатпа
Бұл мақалада қазақстандық экспортты сатып қабылдаушы елдердің айнымалыларына
негізделген Қазақстан экспорттық даму деңгейінің анықтаушы айнымалыларды талдайды. Сәйкес тақырыпқа
жазылған әдебиеттердің теориялық негіздеріне отырып, қашықтық, ЖІӨ, халықтың жан басына шаққандағы
табысы, ЖІӨ-нің өсу деңгейі, урбанизация деңгейі, сауда ашықтығы, еркін сауда туралы келісімнің болуы,
отын экспортының үлесі және жоғары технологиялық экспорттың үлесін тәуелсіз айнымалы ретінде
таңдадық. Жоғары технологиялық экспорты үлесінің және қашықтықтың есептелген коэффициенттері теріс,
ал экспорттың даму деңгейі мен сауда ашықтығы арасындағы байланыс оң болғаны анықталды. Қалған
тәуелсіз айнымалылар статистикалық тұрғыдан оразан зор үлес қоспайтындығы болжанған.