Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы
Қаралымдар: 121 / PDF жүктеулері: 113
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-223-236Кілт сөздер:
healthcare, healthcare system, healthcare financing, healthcare costs, compulsory social health insuranceАңдатпа
Авторлар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қолдаудың негізгі аспектілерін қарастырды. Денсаулық сақтауды қаржыландыру моделінің қалыптасу кезеңдері қарастырылған. Денсаулық сақтаудың бюджеттік және сақтандыру моделіне ерекше назар аударылады. Зерттеу пәні денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз етуді жақсартуға байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастар болып табылады. Авторлар денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және жеке шығындарға жан-жақты талдау жүргізіп, бұл шығындарды ЭЫДҰ елдерімен салыстырды. Денсаулық сақтау жүйесі әр түрлі қаржыландыру көздерімен сипатталады: бюджет қаражаты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан аударымдар, жеке шығыстар. Қаржыландыру көздерінің ішінде ең көп үлесті мемлекеттік шығыстар алады. Талдау негізінде денсаулық сақтауды қаржыландырудың негізгі проблемалары анықталып, тиісті қорытындылар жасалды.
Жұмыста келесі ғылыми әдістер қолданылады: салыстырмалы талдау, синтез, әдебиеттерге шолу, статистикалық және экономикалық-математикалық әдістер. Экономикалық-математикалық әдістер негізінде денсаулық сақтау шығындарының болжамы жасалды, болжам нәтижелері орта мерзімді перспективада көрсеткіштің өсу тенденциясы шамалы болатынын көрсетті. Зерттеу нәтижелерін денсаулық сақтауды қаржыландырудың оңтайлы моделін әзірлеу үшін мемлекеттік және жергілікті басқару органдары пайдалана алады. Эмпирикалық базаны денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық актілер, ресми басылымдар, аналитикалық және статистикалық жинақтар құрады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 А. Тынгишева, Е. Аймагамбетов
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.