Абай облысының туристік әлеуеттік жағдайын талдау
Қаралымдар: 93 / PDF жүктеулері: 86
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-437-454Кілт сөздер:
туризм, рекреация, танымдық туризм, мәдени туризм, өңірлік туризм, табиғи-ресурстық әлеует, туристік әлеуетАңдатпа
Мақалада Абай облысының туристік мүмкіншідіктері мен туристік әлеуеттік анықтау және пайдалану жолдары, оларды жетілдіру туралы мәліметтер қарастырылады. Туризм индустриясы рекреациялық ресурстарды пайдалану негізінде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын ел экономикасының бір бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда туризмді реформалау және туристік бизнесті дамыту стратегиясы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Туризмнің тұрақты және әлеуметтік дамуы проблемасы Қазақстан Республикасының бүкіл тарихи дамуында өзекті болды және болып қала береді. Туризмді дамыту аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді: кәсіпкерлікті дамыту, табыс табу, жұмыс орындары, сол арқылы кедейшілікті азайту. Абай өңірінің географиялық орны, ерекшеліктері мен дамуының талдауы, туристік факторлары мен өңірдің бәсекелестік артықшылықтары берілген. Мақалада Абай облысындағы туризмнің негізгі түрлері қарастырылған, сонымен қатар осы аймақтағы туризмнің дамуының негізгі көрсеткіштері мен қазіргі жағдайына талдау жасалған. Абай облысының туристік әлеуетінің SWOT-анализі жасалды: туризмнің мықты және әлсіз жақтары, сонымен қатар ауданның мүмкіншіліктері мен қауіптері көрсетілді. Кіру және шығу туризмінің дамуына кедергі болған факторлар және Абай облысында туризмнің дамуына жағымды әсер ететін факторлар анықталды. Мақалада Абай облысындағы туризмнің негізгі түрлері қарастырылып, сонымен қатар осы аймақтағы туризмнің дамуының негізгі көрсеткіштері мен қазіргі жағдайына талдау ұсынылады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 С Рустемова, А. Жакупов
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.