ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ БАҒЫТЫ: БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ


Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 84

Авторлар

  • Д. Бастыков Нархоз университеті
  • Д. Куланова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті image/svg+xml
  • Л. Молдашбаева Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-2-185-200

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: Мемлекеттік басқару реформалары, Қазақстан, ашықтық, библиометриялық талдау, VOSviewer, әдебиеттерге шолу, ғылыми картаға түсіру.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты Қазақстандағы мемлекеттік басқару реформаларының  зерттелу денгейін анықтау мақсатында библиометриялық талдау жүргізіп, картаға түсіру.

Әдістемесі. Зерттеу мақсатымызға қол жеткізуде VOSviewer бағдарламалық құралымен библиометриялық желілерді құрып, визуализация жасалды. Біз Scopus академиялық дерекқор базасында жинақталған деректерге   библиометриялық талдау жүргіздік. Жалпы бұл әдіс зерттеу бағытымыздың жай күйін талдап сенімді көрніс берді. Талдау жүргізуде арнай стратегия қолдандық, мұнда Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды реформалар бойынша зерттеулердің 41 мақаласы анықталды.

Зерттеудің бірегейлігі/құндылығы. Бұл библиометриялық талдау Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың алғашқы зерттеулері. Зерттеу бағытымыздағы деректердің үлкен көлемін талдауда библиометриялық әдіс өзекті болып табылады. Ол еліміздің мемлекеттік басқаруды реформалау саласындағы зерттеулерді, ең көп сілтеме жасалған автордың еңбегін, басылымдар мен ғылыми институттарды анықтау арқылы әдебиетке үлес қосады.

Зерттеу нәтижелері ең жиі қолданылатын түйін сөздер мемлекеттік басқару реформалары, ашықтық, сыбайлас жемқорлық, жақсы басқару екенін көрсетті. Mussagulova et al., (2019), Buribayev et al., (2016) ең жоғары сілтеме жасалған және жиі келтірілген автор ретінде танылды. Зерттеу сонымен қатар соңғы жылдары елімізде жүргізілген реформалар азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қанағаттану мен өмір сүру жағдайына баса назар аударды. Біздің зерттеуіміз халықаралық денгейдегі рецензияланған журналдардағы даму тенденциясын көрсетті. Мысалы АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия елдеріндегі зерттеулер 2012 жылдары жүргізілсе, Ал Қазақстан үшін аталған бағыттағы зерттеулер 2020 жылы қарқын алды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бастыков, Д., Куланова, Д., & Молдашбаева, Л. (2024). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ БАҒЫТЫ: БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (2), 185–200. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-2-185-200

Журналдың саны

Бөлім

Статьи