Демографиялық өткелдің қазақстандық моделінің Қазақстанның адам әлеуетінің дамуына әсері
Қаралымдар: 141 / PDF жүктеулері: 174
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-3-130-148Кілт сөздер:
демографиялық өткел, демографиялық толқындар, адам әлеуеті, демографиялық даму, халықтың көбеюі, гендерлік теңсіздікАңдатпа
Аңдатпа. Демография мен адам әлеуетінің дамуы арасындағы байланыс өте маңызды және ғылыми тұрғысынан зерттеуді қажет етеді. Қазіргі жағдайда адам әлеуеті елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының шешуші факторларының біріне айналады. Сондықтан зерттеудің мақсаты демографиялық өткел моделінің Қазақстан Республикасындағы адам әлеуетінің дамуына әсерін талдау болып табылады. Демографиялық өткел моделінің көрінісі ретінде Қазақстан Республикасындағы халықтың құрылымындағы "демографиялық толқындардың" туу мен өлімнің, халықтың табиғи өсімінің жалпы коэффициенттері сияқты негізгі демографиялық көрсеткіштеріне және гендерлік факторды ескере отырып, адам дамуына әсеріне талдау жасалды.
Бұл зерттеуді жүргізудің әдіснамалық негізі болып деректерді талдаудың статистикалық әдістері табылады. "Демографиялық толқындардың" халықтың саны мен жыныстық-жастық құрылымының көрсеткіштеріне, туу мен өлім-жітімнің жалпы коэффициенттеріне әсерін және табиғи өсім факторларын зерттеу үшін индекстік талдау әдістері қолданылды.
Талдау нәтижелері Қазақстан халқының жыныстық-жастық құрылымындағы демографиялық толқындардың туудың, өлімнің және халықтың табиғи өсімінің жалпы көрсеткіштеріне айтарлықтай әсерін көрсетті. Демографиялық өткелдің қазақстандық моделінің бұл ерекшелігі тұтастай алғанда демографиялық дамуға да, елдегі адам әлеуетіне де, сәйкесінше жалпы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасына да айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Б. Мананов, Ю. Шокаманов, А. Мусульманкулова.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.