Туризмнің емдік-сауықтыру және медициналық түрлері, жалпы және айрықша ерекшеліктері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • К. Омарова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • К. Мусина Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет
  • К. Тукибаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-1-257-275

Кілт сөздер:

емдік-сауықтыру туризмі, санаториялық-курорттық қызмет, туризм, медициналық туризм, Қазақстан

Аңдатпа

Аңдатпа: Бұл зерттеу емдік-сауықтыру туризмінің тұжырымдамалық аппаратын зерттейді. Мақалада әдеби шолу жүргізу және қазақстандық контексте туризмнің осы түрінің ерекшеліктерін айқындау негізінде емдеу-сауықтыру туризмінің авторлық түсіндірмесін әзірлеу мақсаты болып табылатын зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысында емдік-сауықтыру туризмінің әртүрлі тұжырымдары зерттелді: санаторий-курорттық сегмент, емдік, сауықтыру, медициналық. Көптеген жылдар бойы ғылыми зерттеулердегі ғалымдар осы категорияларды салыстыра отырып, өз түсіндірмелерін берді, бірақ олар ортақ пікірге келе алмайды. Зерттеу барысында емдік-саулық туризмі мен медициналық туризм арасындағы жалпылама категорияларды қарастырды. Емдеу-сауықтыру туризмін және онымен байланысты санаттарды түсіндіруге жүргізілген ауқымды әдеби шолу негізінде Қазақстанға қатысты осы терминді түсіндірудегі кемшілігі анықталды.

Зерттеуде жүйелік салыстырмалы талдау, мазмұнды талдау, дедукция әдісі арқылы ұсынылған анықтамалар зерттеліп, әр санат бойынша сыни талдау жасалды. Өз анықтамаларында емдеу-сауықтыру немесе медициналық туризмге жақын ұсынылған санаттардың тұжырымдамалық аппараттары қарастырылған. Мақалада сонымен қатар санаторий-курорттық қызметке қатысты нормативтік құжаттар қарастырылған. Зерттеу нәтижелері отандық ғылыми терминологияда емдеу-сауықтыру туризмі қызметтерін ұсынумен айналысатын ұйымдардың қызметін айқындау және ажырату үшін пайдаланылуы мүмкін

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Омарова, К., Мусина, К., & Тукибаева, К. (2025). Туризмнің емдік-сауықтыру және медициналық түрлері, жалпы және айрықша ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 257–275. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-1-257-275

Журналдың саны

Бөлім

Статьи