Салық жүйесіне экономикалық дағдарыстың әсері


Қаралымдар: 46 / PDF жүктеулері: 44

Авторлар

  • А.Е. Жамиева
  • Г.А. Насырова

Кілт сөздер:

салық жүйесі, салықтар теориясы, салық салу аспектілері, салық салу принциптері, сценарийлерді модельдеу, салық әкімшілігі.

Аңдатпа

Салық жүйесі ұлттық экономиканың дамуындағы дағдарысқа қарсы тиімді факторлардың бірі ретінде танылды. Осыған байланысты қазіргі экономикалық дағдарыстың салық жүйесіне әсер
ету механизмін талдау, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қазіргі ғылыми
зерттеулердің басым бағытына айналуда. Ұсынылып отырған мақалада экономикалық дағдарыстың салық жүйесіне әсер етуіне қатысты өзекті мәселелер қарастырылған. Зерттеу нысаны - Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Бұл зерттеудің пәні - салық жүйесін модернизациялау. Зерттеу барысында
шоғырландырылған бюджетке жалпы салық төлемдерінің динамикасы мен құрылымы талданды. Ұлттық экономиканың барлық буындарына айтарлықтай ынталандырушы әсер ететін салық жүйесін модернизациялау елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Фискалдық реттеудің тиімділігін арттыру
үшін бюджеттік кірістер мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әр түрлі жағдайларды жүзеге
асырудың әсерін бағалауға мүмкіндік беретін сценарийлік модельдеу ұсынылады. Негізгі зерттеу әдістері мыналар болды: талдау және синтез, жүйелік және институционалдық тәсілдер, индукция және
дедукция әдістері, гипотезаларды жобалау әдісі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жамиева, А. ., & Насырова G. (2023). Салық жүйесіне экономикалық дағдарыстың әсері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 175–184. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/339

Журналдың саны

Бөлім

Статьи