Қазақстанның банк қызметіндегі цифрланудың дамуы
Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 2
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-170-182Кілт сөздер:
ЕДБ, цифрлы экономика, цифрлы банк қызметі, электрондық ақша, төлем карталары, интернет пен ұялы телефон арқылы жасалған төлем, QR-көрсеткішАңдатпа
Жұмыстың мақсаты - цифрлы экономикадағы банк саласының онлайн қызметтер үлесін арттыру арқылы дамуын теориялық қарастыру және цифрлану аясындағы өзгерістерді салыстырмалы түрде талдау болып табылады. Банк секторы инновациялық технологияларды енгізу үшін өзекті экономика салаларының бірі болып табылады. Банк секторында цифрлық технологияларды дамыту банк қызметтерін пайдалану ауқымын кеңейтеді және жеңілдетеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ресми сайтындағы статистикалық ақпараттар негізінде банк қызметіне цифрлы технологиялардың әсері бойынша статистикалық мәліметтерді жинақтау, талдау, корреляция әдісі арқылы қолма-қол ақшасыз жасалған транзакция саны мен Қазақстандағы ірі үш банктің орташа ROA көрсеткіштерінің байланысын есептеу зерттеу әдістері болып табылады.
Нәтижелері - авторлар 2019-2025 жылдар аралығындағы төлем карталарын қолдану динамикасы бойынша қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақша алу деңгейін, POS-терминал, интернет пен ұялы телефон арқылы жасалған және QR-көрсеткіш арқылы жасалған төлемдерді, сондай-ақ банктердің онлайн сервистерін қолданушылар саны бойынша көрсеткіштер динамикасын зерттеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы цифрландыру трендтері арқылы қазақстандық банктік қызметтегі жағдай бойынша зерттеу жұмыстарын әзірлеуден тұрады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы Қазақстан Республикасының банк саласындағы инновациялардың дамуын жүзеге асыру мен негіздеу, сандық экономиканың дамыған уақытында банк саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Қорытындылар - банк жүйесі соңғы ақпараттық технологияларды жылдам енгізетін сала болып саналады. Банктің онлайн қызметін қолданушылар санының өсуі банк қызметінде онлайн қызметтерді ұсыну қажеттілігін тудырады. Сондықтан, онлайн қызметтерді ұсыну деңгейін көтеру мақсатында банктерді цифрландыру трендтері ұсынылды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Г. Нуруллақызы, S. Kozak

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





