Журнал туралы
Журнал мақсаты. Экономика ғылымдары бойынша мұқият тексеруден өткен ғылыми құндылығы бар мақалалар жариялау.
Тақырыптық бағыты: Экономика (экономикалық теория, экономика және кәсіпкерлік, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, талдау, мемлекеттік аудит, туризм)
Журналдың міндеттері:
-ғылыми жұмыстар мен диссертациялық зерттеулерді сараптау сапасын арттыруға ықпал ететін ғылыми пікір, ұсыныстар және тәжірибе алмасу үшін ашық пікірталас алаңын ұйымдастыру;
-отандық және шетелдік ғылыми қоғамдастыққа экономикалық ғылымның сапалы дамуы үшін теориялық және іс жүзінде маңызды ғылыми жұмыстар мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялау мүмкіндігін беру;
-әртүрлі негізгі отандық және шетелдік дәйексөз базаларында жарияланған ғылыми жұмыстарды тарату және индекстеу мүмкіндігін кеңейту;
-жас зерттеушілерді кәсіби қоғамдастыққа тарту және мақала жариялау сапасын жақсартуға жәрдемдесу.
Шығу тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Шығу жиілігі: жылына 4 рет.
Мұрағаттау. Ғылыми журналдың электрондық нұсқалары қорды қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізуге "ҰМҒТСО" АҚ ұсынылады. Журнал 2019 жылдан бастап Elibrary.ru. базасында материалдарды мұрағаттауды жүргізеді.
Жариялау шарттары. "Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы" қолжазбалар міндетті анонимді рецензиядан өтеді. Алынған рецензиялардың негізінде журналдың редколлегия алқасы қорытынды шешім қабылдайды.