Шағын және орта кәсіпорындарда цифрландыру және инновацияның маңызы


Қаралымдар: 38 / PDF жүктеулері: 36

Авторлар

  • А. Сыздықова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Ж. Жетибаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-4-8-22

Кілт сөздер:

Шағын және орта бизнес,, цифрландыру, инновация, кәсіпорын, бәсекелестік артықшылық

Аңдатпа

Шағын және орта бизнес (ШОБ) – әлемдік экономиканың негізін құрайтын және халықты жұмыспен қамтуда маңызды рөл атқаратын құрылымдар. Қазіргі жылдам өзгеретін және цифрланатын әлемде ШОБ субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін цифрлық трансформация мен инновацияға инвестиция салуы өте маңызды. Бұл мақалада шағын және орта бизнестегі цифрландыру мен инновацияның маңыздылығы және осы процестердің бизнеске әсері қарастырылады. Цифрландыру бизнеске цифрлық технологияларды қолдану арқылы бизнес-процестерін өзгертуге және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұлттық есептеулер, жасанды интеллект, заттардың интернеті және үлкен деректерді талдау сияқты технологиялар ШОБ-қа операциялық шығындарды азайтуға, тұтынушылар тәжірибесін жақсартуға және икемді бизнес үлгілерін дамытуға мүмкіндік береді. Цифрландыру сонымен қатар бизнеске маркетингтік стратегияларын жақсартуға және жаңа нарықтарға шығуға әсер етеді. Инновациялар ШОБ үшін бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізудің тағы бір маңызды факторы болып табылады. Бұл мақалада ШОБ үшін цифрландыру және инновациялық процестерді сәтті басқаруға қажетті стратегиялар мен тәжірибелер талқыланады. Сонымен қатар, цифрландыру мен инновацияның ШОБ үшін ұсынатын мүмкіндіктері мен қиындықтары да қарастырылады. Нәтижесінде ШОБ-тың цифрландыру мен инновацияны қабылдауы ұзақ мерзімді табыс пен тұрақты өсу үшін өте маңызды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сыздықова, А., & Жетибаев, Ж. (2024). Шағын және орта кәсіпорындарда цифрландыру және инновацияның маңызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 8–22. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-4-8-22

Журналдың саны

Бөлім

Статьи