ЕАЭО деңгейінде жүйелік маңызы бар банктер үшін бірыңғай критерийлер құрудың алғышарттары: кластерлеу тәсілі


Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 8

Авторлар

  • А. Дальке Нархоз Университеті
  • Э. Рузиева Алматы Технологиялық университет
  • А. Нургалиева Нархоз Университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-4-178-194

Кілт сөздер:

: системно значимые банки, Евразийский экономический союз, единые критерии, модели кластеризации, имитационное моделирование.

Аңдатпа

Жүйелі маңызы бар банктерді сәйкестендіру мәселелері 10 жылдан астам уақыт бойы өзектілігін жоғалтпаған, ал Экономикалық Одақтарда олар үшін бірыңғай өлшемдерді әзірлеу сұрақтары ерекше қызығушылық тудыруда. ЕАЭО шеңберінде ЖҚБ (жүйелі маңызды банктер) кластерлерін қалыптастыру қатысушы елдердің банктері көрсететін қаржылық қызметтердің
сапасын жақсартуға, сондай-ақ экономикалық одақтың инновациялық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Жұмыстың мақсаты Еуразиялық Экономикалық Одаққа қатысушы елдер ретінде Қазақстан, Беларусь және Ресей үшін ЖМБ-ді (жүйелі маңызы бар банк) сәйкестендірудің бірыңғай критерийлерін әзірлеудің алғышарттары мен іргелі мүмкіндіктерін кластерлеу
әдіснамасын (Евклидтік қашықтық метрикасы мен Хамминг моделін) қолдану арқылы зерттеу болып табылады. Бұл ретте, банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті әзірлеген ұлттық жүйелік маңызы бар банктер үшін әдістемелік ұсынымдар ескерілді. Зерттеу нәтижелері ЕАЭОның жекелеген елдерінде ЖМБ-тер санатына жатқызылған банктерді топтастыру үш кластерді немесе 1 деңгейді (интеграциялық), 2 деңгейді (елдік) және 3 деңгейді (әлеуетті) бөлу кезінде
қисынды екендігін көрсетуде. Талдау бірыңғай критерийлерді әзірлеу кезінде бір-біріне аппроксимативті көрсеткіштерді әзірлеу қажеттілігін анықтады. Сонымен қатар, критерийлер нақты және қатаң анықталуы керек, ал ұқсас белгілер (көрсеткіштер)  айтарлықтай бөлек. Зерттеу екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлім «Тұран» университетінің газетінде жарияланған. Бұл жұмыс – екінші бөлім жұмысының жалғасы болып табылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дальке, А., Рузиева, Э., & Нургалиева , А. (2024). ЕАЭО деңгейінде жүйелік маңызы бар банктер үшін бірыңғай критерийлер құрудың алғышарттары: кластерлеу тәсілі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 178–194. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-4-178-194

Журналдың саны

Бөлім

Статьи