Құрылыс компанияларындағы бизнес-процестердің тиімділігін басқару механизмдерін модельдеу
Қаралымдар: 70 / PDF жүктеулері: 82
Кілт сөздер:
бизнес-процестер, заманауи технологиялар, құрылыс саласы, модельдеу, цифрланды- ру, тиімділік.Аңдатпа
Соңғы бес жылда нарықта тұрақты бәсекелестіктің пайда болуы жағдайында компани-
ялар өз дамуы үшін нарықта өзінің өмір сүруінің тиімділігін арттырудың жаңа жолдарын, бағыттарын
іздестіруде. Заманауи даму жағдайында компаниялардың бизнес-үдерістері жаңа технологияларға, ең
алдымен цифрландыруға бағытталып отыр.
Бизнес процестердің тиімділігі бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қатысты мақсатты іске асыру және
оған қол жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа оның дамуының элементі ретінде цифрлан-
дыру процесі (цифрлық технологиялар) осы процестерді жетілдіру арқылы жолға қойлады.
Мақала цифрлық технологияларды дамыту контекстінде BI Group компаниясының мәліметтері мы-
салында құрылыс компанияларындағы бизнес-процестердің тиімділігін басқару механизмдерін модель-
деу ерекшеліктерін ашады. Экономиканың нақты секторындағы заманауи технологияларды дамыту бү-
гінгі таңда дамыған елдер үшін де, дамушы елдер үшін де өзекті болып табылады.