Soft туризм Қазақстан аймақтарындағы дестинациялардың тұрақты даму құралы ретінде


Қаралымдар: 25 / PDF жүктеулері: 19

Авторлар

  • Б. Онаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0009-0002-6370-2168
  • К. Мусина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-6772-6338
  • A. Муканов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-397-415

Кілт сөздер:

туристік нарық, аймақ, дестинация, soft туризм, қатаң туризм, туристік инфрақұрылым

Аңдатпа

Қазақстан елеулі табиғи және мәдени әлеуетке ие бола отырып, туристік аймақтардың тұрақты даму саласында қиындықтарға тап болуда, оның ішіне экожүйелерге және жергілікті қауымдастықтың дәстүрлі өмір салтына теріс әсер етіп келе жатқан жаппай туризмді жатқызуға болады. Атаулы мәселе туристік аймақтардың тұрақты дамуына кедергі келтіріп, дестинация шекарасы ішіндегі туристік ресурстардың тартымдылығын төмендетуде. Отандық туристік дестинациялардың әлемдік тенденцияларға сәйкес тұрақты дамуын қамтамасыз ететін құралдардың бірі – soft туризм.

Мақалада soft туризм тұжырымдамасы отандық дестинациялардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастырылған. Авторлар заманауи шарттардағы soft туризмнің негізгі қағидаларына талдау жасап, отандық дестинациялардың дамуында қолдану жолдарын ұсынған. Жұмыста отандық туристік дестинациялардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі soft туризмнің ролі эмпирикалық әдістерді қолдану арқылы негізделген.

Зерттеу барысында soft туризм бүгінгі күні дестинациялардың тұрақты дамуының негізгі құралы болып табылады және қазіргі туристер жаппай туризмнен soft туризмге ауысуға мүдделі, қоршаған орта үшін жауапкершілікті атқаруға тырысады деген гипотезалар қарастырылып, статистикалық талдау әдістері арқылы негізделіп, дәлелдер келтірілген.

Зерттеу нәтижесінде авторлар дестинациялардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде soft туризмнің маңыздылығын айқындап, оның экономикалық және әлеуметтік тұрғыда маңыздылығын сипаттаған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Онаева, Б., Мусина, К., & Муканов A. (2025). Soft туризм Қазақстан аймақтарындағы дестинациялардың тұрақты даму құралы ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 397–415. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-397-415

Журналдың саны

Бөлім

Статьи