Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздікті тұрақтандырудың стратегиялық тәсілдері
Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 71
Кілт сөздер:
экологиялық қауіпсіздік; экологиялық менеджмент; қоршаған ортаның ластануы; қор- шаған ортаны қорғау шығындары; қоршаған ортаны қорғауға инвестициялар.Аңдатпа
Соңғы онжылдықта қоршаған ортаны қорғау мәселесі жаңа деңгейге көтерілді. Қа-
зақстанда өндіріс пен тұтынудың өсуімен қатар топырақтың, судың және ауаның антропогендік ласта-
нуы артып келеді. Осыған байланысты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты
дамуының маңызды шарттарының біріне айналуда. Еліміздегі экологиялық жағдайдың нашарлауы
жағдайында экологиялық мәселелерді шешудің жаңа жолдары мен тәсілдерін іздеу қажет. Зерттеу-
дің мақсаты – Қазақстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық
аспектілерін зерделеу негізінде табиғи ресурстарды қорғау және экологиялық қауіпсіздік саласындағы
мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру шараларын әзірлеу. Жұмыста салыстыру және жалпылау,
ғылыми абстракция, талдау және синтез әдістері қолданылды. Авторлар Қазақстан Республикасындағы
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи мәселелерін жүйелеуге талпыныс жасаған, ол
үшін келесі бағыттар бойынша елдегі экологиялық жағдайдың жай-күйін зерттеген: Қазақстанның өнер-
кәсіптік кәсіпорындарының жұмыс істеуінің қоршаған ортаға әсерінің маңызды факторларын анықтау,
елдегі экологиялық жағдайды талдау, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тиімділігін зерттеу,
қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестицияларды аймақтар кескінінде талдау.