Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бюджеттік саясатын қалыптастырудың әдістемелік аспектілері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Н. Уразбаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • M. Замирбекқызы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • A. Кулмаганбетова Ұлттық хореография академиясы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-218-239

Кілт сөздер:

ЖЖОКБҰ, білім, ғылым, бюджеттік саясат, қаржы, есеп, кірістер, шығыстар

Аңдатпа

Мақалада даму жоспарының индикаторларына қол жеткізу мақсатында бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру бөлігінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі-ЖЖОКБҰ) бюджеттік саясатын әзірлеу процесінің тұжырымдамалық негіздері, ЖЖОКБҰ бюджеттік шығыстарының нәтижелілігі мәселелері зерттеледі.

Университеттің даму стратегиялары қаржылық ресурстар мен бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл зерттеу жоғары оқу орындары ұсынатын академиялық, қаржылық және басқарушылық еркіндіктерді ескере отырып, қазіргі жағдайда олардың бюджеттік саясатының маңыздылығын анықтауға бағытталған. Тиісінше, жоғары оқу орындары үшін бюджеттік саясатты қалыптастыру саласындағы зерттеулер бүгінгі күні мемлекеттік университеттердің жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға айналуына байланысты қаржылық саясаттың жалпы принциптері контекстінде өзекті болып табылады және жоғары оқу орындарынын қызметінің негізгі нысанасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.

Бұл мақалада Қазақстан ЖЖОКБҰ бюджетінің кіріс және шығыс бөлігін қалыптастыру қағидаттарын жүйелеу және нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісінің тұжырымдамалық негіздері арқылы университеттердің бюджеттік шығыстарының нәтижелілігін қамтамасыз ету әдістері ұсынылған. ЖЖОКБҰ бюджетінің шығыс бөлігін қалыптастыру кезінде бюджеттің қандай баптарына назар аудару керек екендігі көрсетілген. Ұсынылған ұсынымдар ЖЖОКБҰ бюджетін қалыптастыру кезінде ықтимал тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді. Аталған әдістеме ЖЖОКБҰ шығыстарын басқару жүйесінің негізгі аспектісі, университет менеджментінің негізі және ЖЖОКБҰ-ның "басқару" есеп саясатын қалыптастыру тетігі болуға тиіс.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Уразбаев, Н., Замирбекқызы M., & Кулмаганбетова, А. (2025). Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бюджеттік саясатын қалыптастырудың әдістемелік аспектілері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (4), 218–239. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-218-239

Журналдың саны

Бөлім

Статьи