Қазақстан экономикасының басқа салаларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығын цифрландыру туралы мәселеге
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-8-29Кілт сөздер:
АКТ шығындары, ауыл шаруашылығы, цифрландыруға кедергілер, инвестициялар, инфрақұрылым, технологиялық жетістіктер, мамандардың жетіспеушілігіАңдатпа
Планетаның толып кету мәселесі әртүрлі салдарға әкелуі мүмкін, соның ішінде болашақта азық-түлік тапшылығы, экологиялық проблемалардың күрделенуі. Қазіргі уақытта әлем экономикалары саланың өнімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыруға тырысуда. Алайда, кез-келген басқа қызмет сияқты, аграрлық секторды цифрландыру да оны шешуді талап ететін бірқатар мәселелерге тап болады. Мақаланың мақсаты - еліміздің басқа салалары аясында, сондай-ақ әлемдік тәжірибе аясында Қазақстанның ауыл шаруашылығын цифрландырудың негізгі кедергілері мен проблемаларын зерттеу. Әдістер - статистикалық талдау, салыстырмалы талдау, синтез, қарапайым сызықтық регрессия. Нәтижелері - авторлар Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласына цифрлық технологияларды енгізудің проблемалары мен кедергілерін жіктеді, олардың ішінде – желілік инфрақұрылымның нашар дамуы, білікті мамандардың жетіспеушілігі, инновацияларды енгізудің жоғары құны, технологиялық кедергілер. Аграрлық сектор соңғы орындардың бірін алатын экономиканың түрлі салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға талдау жүргізілді. Пирсонның корреляция коэффициентінің, қарапайым сызықтық регрессия әдісінің көмегімен Қазақстанда 2028 жылға дейінгі АКТ шығындарының болжамы жасалды. Қорытындылар - авторлар республиканың ауыл шаруашылығын дамытудағы цифрландырудың маңыздылығын атап көрсетеді, осыған байланысты аграрлық секторды (инфрақұрылымдық, кадрлық, институционалдық, ұйымдастырушылық сипаттағы) цифрлық трансформациялау проблемаларын нақтылайды. Әрі қарайғы зерттеулерде ауыл шаруашылығын цифрлық дамыту жолында туындайтын кедергілерді еңсеру үшін елдер Үкіметтері қабылдайтын шараларды талдауға болады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 У. Шалболова , Ж. Смагулова, Р. Рахметова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





