Қазақстан аймақтарының инновациялық және цифрлық әлеуетін бағалау
Қаралымдар: 20 / PDF жүктеулері: 9
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-142-160Кілт сөздер:
инновация, цифрландыру, индекс, smart қалалар, аймақтық даму, тұрақтылық, киберқауіпсіздікАңдатпа
Қазақстанның өңірлері мен қалаларының инновациялық және цифрлық дамуында айтарлықтай прогресс байқалады. Алайда, цифрландыру мен инновация деңгейі аймақтың аумақтылығына байланысты өзгеріп отырады. Осы зерттеу инновациялық және цифрлық әлеуеттің индексі арқылы Қазақстан аймақтарының инновациялық және цифрлық әлеуетін бағалаудың кешенді негізін ұсынады. Ұсынылған индекс бес негізгі бағыттағы көрсеткіштерді бағалайды: цифрлық инфрақұрылым, инновациялық белсенділік, кадрлық әлеует, бизнесті цифрландыру және киберқауіпсіздік. Авторлар аймақтық көрсеткіштерді бағалау барысында аналитикалық иерархия процесс әдісі мен көп критерийлі талдау әдістемесін қолданды. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының инновациялық және цифрлық әлеуетінің жалпы индексі 0,55 (0-ден 1-ге дейін) құрайды, аталған көрсеткіш инновациялар мен цифрлық дамудың негізгі критерийлері бойынша орташа болып табылады. Мақаланың эмпирикалық нәтижелері цифрлық технологиялар мен инновациялардың әлеуетіндегі айтарлықтай аймақтық айырмашылықтары бар екенін айқындады, яғни ірі қалалық орталықтардың индекстері жоғары көрсеткіштерге ие екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, инфрақұрылым кемшіліктеріне байланысты аз дамыған аймақтардың көрсеткіштері сәйкесінше төмен нәтижелерге ие. Зерттеу нәтижелері кең жолақты интернет желісінің қол жетімділігін арттыруды, цифрлық трансформацияны қаржылық ынталандыруды және қатаң киберқауіпсіздік шараларын қоса алғанда, мақсатты саяси шаралардың қажеттілігін айқындады. Зерттеудің нәтижелері цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін кеңінен талқылауға ықпалын тигізіп қана қоймай, мемлекеттік реттеуші органдарға инклюзивті және тұрақты инновациялық елдің аумақтық ерекшеліктерінескере отырып, инновациялық және цифрлық әлеуетті іске асыру мақсатында экожүйелерді құру мақсатында жүзеге асыруға болатын ақпаратты ұсынады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л. Куанова, Р. Досжан, N. Shirazi

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.