Сауда қызметінің тиімділігіне ішкі және сыртқы орта факторларының әсерін бағалау


Қаралымдар: 76 / PDF жүктеулері: 319

Авторлар

  • Ж. Раимбеков Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Б. Сыздыкбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А. Сладковски Силезия технологиялық университеті

Кілт сөздер:

көтерме, және бөлшек сауда; ішкі және сыртқы орта факторлары; жұмыс істеу тиімділігі; факторлық және регрессиялық талдау; сауда және көлік инфрақұрылымы

Аңдатпа

Мақалада сауда саласының жұмыс істеу тиімділігіне ішкі және сыртқы ортаның әсерін
зерттеу нәтижелері берілген. Сауда саласының қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне әсер ететін
басым факторлар анықталып, олардың саудадағы жалпы қосылған құнға (ЖҚҚ) әсер ету дәрежесі бойынша жіктелінді. Алынған мәліметтер экономикаға қосқан үлесін ескере отырып, сауда жүйесінің элементтерін қолдау арқылы сараланған сауда саясатын жүргізу қажеттілігін көрсетеді: төмендеу тәртібімен –
сатып алу қабілеті, сауда және жұмыспен қамту көрсеткіштері, тауар өндірісінің көлемдік көрсеткіштері,
көлік және сауда инфрақұрылымы, өнім бірлігіне шаққандағы шығындар.
Талдау нәтижелері анықталған факторларды басымдықтары және тиімділікке әсер ету дәрежесі негізінде сауда саласын қолдау және ынталандыру шаралары мен экономикалық тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Ұсыныстарды іс жүзінде жүзеге асыру сауданы дамыту шығындарын оңтайландыруға, жұмысты жақсартуға және сауда саласының жұмыс істеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-18

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Раимбеков, Ж., Сыздыкбаева, Б., & Сладковски A. (2023). Сауда қызметінің тиімділігіне ішкі және сыртқы орта факторларының әсерін бағалау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 35–47. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/120

Журналдың саны

Бөлім

Статьи