Студенттік жатақханалар және мәдени-демалыс объектілері университет инфрақұрылымының бөлігі ретінде


Қаралымдар: 100 / PDF жүктеулері: 346

Авторлар

  • Д. Силка РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы

Кілт сөздер:

студенттік жатақханалар; мәдени-демалыс объектілері; университет; құрылыс; жобалық шешімдерді бағалау; мемлекеттік-жекешелік әріптестік.

Аңдатпа

Қаланың тұрақтылығы және оның қоршаған ортасының дамуы қала халқы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін әртүрлі инфрақұрылымдық нысандармен байланысты. Университеттер қалалық жүйелердің бір бөлігі бола отырып, қала жастарының шоғырланған орны ретінде табылады. ЖОО-да оқу кезеңінде уақытша тұру үшін жайлы тұрғын үй және студенттер бос уақытын өткізіп, шығармашылық әлеуетін іске асыра алатын ғимараттар мектеп түлегі үшін қандай да бір университетті таңдау басымдықтарының бірі болып табылады. Жоғары оқу орындары инфрақұрылымының тұрғын үй және мәдени-демалыс объектілерінің жай-күйі қазақстандық жоғары білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін де айқындайды. Мақалада Қазақстандағы студенттік жатақханаларға қажеттілік, олардың құрылыс динамикасы қарастырылды, жеке тұрған әлеуметтік жоғары оқу орындары ғимараттары бойынша талдау жасалды, студенттік жатақханалар мен жоғары оқу орындарының мәдени-демалыс объектілерін салудың жобалық шешімдерін бағалаудың әдістемелік тәсілдері негізделді, қаржыландыру алгоритмі ұсынылды. Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын №АР09260210 ғылыми жобаны зерттеу нәтижелері бойынша дайындалды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-18

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Силка, Д. (2023). Студенттік жатақханалар және мәдени-демалыс объектілері университет инфрақұрылымының бөлігі ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 60–71. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/123

Журналдың саны

Бөлім

Статьи