Шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі банк секторының рөлі: тәуекелдер мен мүмкіндіктер
Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 20
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-259-271Кілт сөздер:
банк секторы, шағын және орта бизнес, қаржылық тұрақтылық, тәуекелдерді басқару, цифрландыру, Қазақстан, несие беруАңдатпа
Қазіргі цифрландыру үдерісінің қарқын алуы мен жаһандық экономикалық тәуекелдердің өсуі жағдайында Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) тұрақтылығы банк секторының қолдауына тікелей байланысты. Бұл мақалада банктердің қосарлы рөлі – қаржы делдалы әрі кәсіпкерлікті тұрақтандыратын институционалдық тірек ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында ұлттық статистика, несие беру үрдістері және мемлекеттік қолдау бағдарламалары талданды. ШОК-қа берілетін несиелер көлемінің артуы, кепілсіз қаржылық құралдардың дамуы және цифрлық банкинг қызметтерінің кеңеюі кәсіпкерлердің қаржыға қолжетімділігін жақсартатыны анықталды. Дегенмен, жоғары пайыздық мөлшерлемелер, жеткіліксіз кепілдік базасы және аймақтар арасындағы теңсіздік секілді мәселелер өзекті болып қала береді. Авторлар ШОК-тың ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бейімделген қаржылық құралдарды дамыту, болжамды реттеуші саясат қалыптастыру және мемлекеттік бағдарламалармен үйлесімділікті арттыру қажет деген қорытындыға келеді. Сондай-ақ сенімге негізделген қаржылық ортаны құру, тәуекелдерді басқару тетіктерін жетілдіру және инклюзивті экономикалық өсуді ынталандырудың маңыздылығы атап өтіледі.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 A. Ахметов, А. Акпанов, Е. Ким

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.