Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуындағы кедергілер мен перспективалар: эмпирикалық зерттеу


Қаралымдар: 273 / PDF жүктеулері: 114

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-8-23

Кілт сөздер:

инклюзивті жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандар, еңбек нарығы, жұмыспен қамтылудағы кедергілер, мемлекеттік қолдау, әлеуметтік кәсіпорындар, қолжетімді орта

Аңдатпа

Мүмкіндігі шектеулі жандардың инклюзивті еңбекпен қамтылуы – тұрақты даму жағдайындағы әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты. Мақалада 2021–2024 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасындағы инклюзивті жұмыспен қамтудың жағдайы мен перспективаларына кешенді талдау ұсынылады.

Мақсат – еңбек нарығына мүмкіндігі шектеулі жандардың тартылуына ықпал ететін құрылымдық, өңірлік және институционалдық факторларды анықтау, сондай-ақ инклюзивті жұмыспен қамтудың динамикасын талдау.

Әдістер – аралас әдіснамалық тәсіл қолданылды: демографиялық және әлеуметтік сипаттамаларға (жынысы, бұзылу түрі, тұрғылықты жері және мүгедектік топтары бойынша) статистикалық талдау жүргізілді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың әртүрлі санаттарынан 35 қатысушымен терең жартылай құрылымданған сұхбаттар алынды. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылып, олардың тиімділігі Астана қаласының мысалында бағаланды.

Нәтижелер – өңірлер бойынша жұмыспен қамту деңгейлерінің айтарлықтай айырмашылықтары анықталды, еңбек нарығына тартылудың негізгі кедергілері белгіленді және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігінің біркелкі еместігі көрсетілді. Қоғамдық ұйымдардың бастамалары мен онлайн оқытудың дамуына байланысты оң мысалдар да байқалды. Жұмыс жағдайларын жақсарту, салықтық жеңілдіктер беру, цифрлық сауаттылықты арттыру және ақпараттық қолдауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Қорытындылар – инклюзивті жұмыспен қамтудың тұрақты дамудың маңызды элементі екені расталды; зерттеу нәтижелері мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбекке орналасу стратегиясын жетілдіруге және олардың әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысуын күшейтуге мүмкіндік береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Окутаева, С., & Марденова, Д. (2026). Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуындағы кедергілер мен перспективалар: эмпирикалық зерттеу . Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (1), 8–23. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-8-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи