Қазақстан өңірлерінің демографиялық сипаттамаларын кластерлік талдау және олардың табыстарының бөлістірілумен байланысы


Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 10

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-83-100

Кілт сөздер:

демографиялық құрылым, кластерлік талдау, Қазақстан өңірлері, табыстарды бөлістіру, аумақтық теңгерімсіздік, көші-қон, өңірлік саясат

Аңдатпа

Демографиялық өзгерістер әлеуметтік-экономикалық дамуға және өңірлік жүйелердің тұрақтылығына барған сайын көбірек ықпал етуде. Бұл зерттеу демографиялық сипаттамалар мен табыстарды бөлістіру ерекшеліктерінің арасындағы өзара байланысты анықтауға арналған және кеңейіп келе жатқан аумақтық теңгерімсіздік жағдайында ерекше өзектілікке ие. Зерттеудің мақсаты – халық табыстарындағы өңірлік айырмашылықтардың қалыптасуындағы демографиялық факторлардың рөлін айқындау және оларды әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу кезінде ескерудің бағыттарын негіздеу. Осы мақсатта деректерді қалыпқа келтіру (нормализациялау) әдістерін және кластерлік талдауды біріктіретін әдістемелік тәсіл ұсынылып, біртекті демографиялық белгілері бар үш тұрақты өңірлік топ айқындалды. Әрбір топ үшін жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім мен Джини коэффициентінің орташа мәндері есептелді, бұл демографиялық құрылым мен экономикалық дамудың өзара байланыстарын кешенді бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ресурстарды бөлістіру үрдістеріндегі аумақтық заңдылықтарды анықтау үшін демографиялық және экономикалық талдауды жанастыруда көрініс табады. Тәжірибелік маңыздылығы алынған нәтижелерді өңірлік ерекшеліктерге бағытталған стратегияларды әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен айқындалады, ол әлеуметтік-экономикалық теңгерімсіздіктерді жұмсартуға және қайта бөлу тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяндары

А. Панзабекова, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Экономика институты

Главный научный сотрудник

А. Сатыбалдин, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Экономика институты

Бас ғылыми қызметкер

А. Жанбозова, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Экономика институты

аға ғылыми қызметкер

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Панзабекова, А., Сатыбалдин, А., & Жанбозова, А. (2025). Қазақстан өңірлерінің демографиялық сипаттамаларын кластерлік талдау және олардың табыстарының бөлістірілумен байланысы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 83–100. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-83-100

Журналдың саны

Бөлім

Статьи