Халықаралық кампустар филиалдарының оңтайлы үлгілерін зерттеу: Қазақстан үшін ең тиімді стратегия


Қаралымдар: 185 / PDF жүктеулері: 58

Авторлар

  • А. Нуржанов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
  • Е. Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
  • Р. Апергенова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-140-153

Кілт сөздер:

халықаралық филиалдық кампустар, жоғары білімнің интернационализациясы, білім беру экономикасы, IBC үлгілері, интернационалдандыру, трансұлттық білім беру, мемлекеттік қолдау

Аңдатпа

Мақсаты – халықаралық филиалдық кампустардың қолданыстағы үлгілерін талдау және оларды Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіне енгізудің әрі орнықты жұмыс істеуінің ең оңтайлы форматтарын анықтау. Әдістері – салыстырмалы талдау, институционалдық тәсіл, нормативтік-құқықтық және стратегиялық құжаттарға контент-талдау, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың (C-BERT, OBHE, UNESCO) екінші реттік статистикалық деректерін талдау. Нәтижелері – зерттеу Таяу Шығыс, Азия және Еуропа елдеріндегі халықаралық филиалдық кампустардың қызмет ету тәжірибесін салыстырмалы талдауға негізделген. Филиалдық кампустардың негізгі үлгілері, атап айтқанда толық меншік, бірлескен университеттер, франчайзингтік, жалға алынған және гибридті форматтар айқындалды. Олардың орнықтылығын айқындайтын факторлар, соның ішінде меншік моделі, автономия деңгейі, басқару тетіктері және мемлекеттік қолдау анықталды. Қазақстандағы халықаралық филиалдық кампустардың даму динамикасына баға беріліп, институционалдық кедергілер мен өңірлерде филиалдық кампустар желісін кеңейту перспективалары айқындалды. Қорытындылар – Қазақстан жағдайында мемлекет пен ұлттық университеттердің қатысуымен жүзеге асырылатын бірлескен және гибридті халықаралық филиалдық кампус үлгілері ең қолайлы болып табылады. Авторлар нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудің, мемлекеттік қолдау тетіктерін дамытудың және халықаралық филиалдық кампустарды жоғары білім беру жүйесіне интернационализация мен адами капиталды дамыту құралы ретінде интеграциялаудың маңыздылығын атап көрсетеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нуржанов A., Әбіл Y., & Апергенова R. (2026). Халықаралық кампустар филиалдарының оңтайлы үлгілерін зерттеу: Қазақстан үшін ең тиімді стратегия. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (1), 140–153. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-140-153

Журналдың саны

Бөлім

Статьи